Қытай президентінің Қазақстанға сапары әлем баспасөзінің назарында
Қытай төрағасының Қазақстанға сапары әлем ақпарат құралдарының назарына ілігіп отыр. Си Цзиньпиннің Астанаға, одан кейін Тәжікстанға баратыны жөнінде Жапонияның «Эн-эйч-кей» телекомпаниясы хабар таратты. Оның дерегінше, Қытай лидерінің Орталық Азияға сапары сейсенбіден сенбіге дейін жалғасады.
Бұл тақырып түріктің «Йені Шафах» газетінің назарынан да тыс қалған жоқ. Оның материалы «Қытай жетекшісі Си саммитке қатысу үшін Қазақстанға ұшты» деген тақырыппен жарияланды.
Си Цзиньпиннің Астанаға келгенін Үндістанның «Хинди» басылымы да хабарлады. Оның мәліметінше, Шанхай Ынтымақтастығы Ұйымының саммитінде Ауғанстандағы жағдай, Украинадағы әскери қақтығыстар және қауіпсіздікті нығайту мәселелері талқыланады.
Қытайдың «Халық» газеті болса, бұл сапар жайлы мақаласын «Қытай мен Қазақстан арасындағы мыңжылдық достық жалғассын» деген атпен жариялаған. Онда екі елді 1700-шақырымдық ортақ шекара, 2000 жылдық алыс-беріс және ежелгі Жібек жолы байланыстыратыны айтылған.
Ал Ресейдің «Интерфакс» агенттігі президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың Астана әуежайында Қытай басшысын өзі қарсы алғанына және сол кездесуде балалардың ән шырқағанына мән берген.
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы
Алакөл туристік маусымға дайын ба?
03.05.2026, 20:08
Құрылыс сапасын ЖИ көмегімен бақылауға болады
03.05.2026, 20:06
«Тарихи оқиға»: Байқоңыр ғарыш айлағынан «Сұңқар» ракета тасығышы орбитаға алғаш рет ұшырылды
03.05.2026, 20:05
Жеке сот орындаушыларына қойылатын талап күшейді
03.05.2026, 19:58
Диплом бар, жұмыс жоқ: Еңбек нарығына кадр даярлау қашан реттеледі?
03.05.2026, 19:57
Президент: Біздің тарихымыз, бүгініміз және болашағымыз – бір
03.05.2026, 19:53
Алматыда әлемдік сарапшы Кай-Фу Ли «AI Class» авторлық курсын өткізді
03.05.2026, 16:50
Туған үш ағайынды бір әскери бөлімде борышын өтеуде
02.05.2026, 20:08