Қытай Қазақстанның ішкі ісіне сыртқы күштердің араласуына қарсы - Си Цзиньпин - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Қытай Қазақстанның ішкі ісіне сыртқы күштердің араласуына қарсы - Си Цзиньпин

02.07.2024

Қытай Қазақстанның ішкі ісіне сыртқы күштердің араласуына қарсы. Қытай Халық Республикасының төрағасы Си Цзиньпин "Қытай және Қазақстан: жаңа көкжиекке ортақ ұмтылыс" атты авторлық мақаласында осылай деді. Мақала "ҚазАқпарат" халықаралық ақпарат агенттігіне жарияланды. Көрші ел басшысы Бейжің мен Астана арасындағы саяси өзара сенім деңгейіне тоқталып, екіжақты қарым-қатынастың қарқынды дамып келе жатқанын жазды.

Мәселен, сауда-саттықтың былтырғы көлемі рекордтық деңгейді көрсетіп, қаржы айналымы 41 млрд АҚШ долларына жетті. Өзара қолдау мен ынтымақтық арқасында біз бұрын-соңды болмаған жоғары деңгейдегі саяси өзара сенімге қол жеткіздік - деп атап өтті ол. Си Цзиньпиннің пікірінше, екі ел де жан-жақты, бірлескен және тұрақты қауіпсіздік тұжырымдамасын жүзеге асыруды қолдайды, бейбітшілікке, жаһандық дамуға және әділ әлемдік тәртіпке қол жеткізуге тырысады. Сондай-ақ ол - өзара тиімді екіжақты қарым-қатынас құру үшін іргетас болған төрт маңызды қағидатқа тоқталды.

Си Цзиньпин, Қытай Халық Республикасының Төрағасы:

«Қытай тарапы Қазақстанның ұлттық тәуелсіздігін, егемендігін және аумақтық тұтастығын қорғау, мемлекеттің өркендеуін қамтамасыз ету үшін ішкі және сыртқы саясатты іске асыру жөніндегі күш-жігерін үнемі қолдайды. Қазақстанның ішкі істеріне қандай да бір сыртқы күштердің араласуына қарсы. Төрт маңызды қағидатты дамыту және көбейту, атап айтқанда, екіжақты қатынастарды дамытуда тұрақты динамиканы сақтау мүддесінде өзара сыйластық, тату көршілік, өзара көмек және өзара пайда көмектесті».

Жандос Темірғали

Хабарламаларға жазылу