Солтүстік Қазақстанда оңалту орталығында маман тапшы
Петропавлда 3 жасқа дейінгі балаларды оңалтуға арналған орталықта маман тапшы. Сенаторлармен кездескен дәрігерлер осындай мәселе көтерді. Басты себеп - жалақының аздығы. Орталық жетекшісінің айтуынша, ұзақ жылдан бері жұмыс істеп келе жатқан қызметкердің өзі 150 мың теңге еңбекақы алады. Орталық биыл ақпан айында ашылған. Содан бері 100-ден астам балаға қызмет көрсеткен.
Сенаторлар алдағы 10 күн бойы облысты аралап, халықпен кездеседі. Сонымен қатар тасқыннан зардап шеккен азаматтармен жүздесіп, жергілікті комиссияның жұмысымен танысады.
Әсем Рахметова, ҚР Парламенті Сенатының Депутаты:
Алаңдатыны ол жаңағы су мәселесі, жол мәселесі. Өздеріңіз білесіздер, 25-ші жылға дейін біз ауызсу мәселесін толыққанды шешуіміз керек. Құжат мәселесіне байланысты, қаржының кешеуілдеп келуіне байланысты, кешеуілдеп бөлінуіне байланысты көптеген ауылдарға әлі су жеткен жоқ. Осы мәселені жетелдету керектігін біз әлі көріп отырмыз.
Эльмира Кәленова
Автор
Эльмира Кәленова
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы
Азия пара ойындарында спортшыларымыз тағы төрт алтын алды
21.10.2026, 13:15
Амандасу әдебі – ұлттық мәдениеттің көрінісі
21.10.2026, 13:13
Жетісу облысының Көксай ауылында жаңа мектеп ашылды
21.10.2026, 13:12
Ақтөбе облысындағы Қарауылкелді теміржол вокзалы жаңартылды
21.10.2026, 13:10
Астанада кейбір үй балкондарына ту ілді
21.10.2026, 13:08
Парижде коменданттық сағат ұзартылды
21.10.2026, 13:07
Ресейде демографиялық дағдарыс күшейіп барады
21.10.2026, 13:05
Қазақстан ТүркПА елдеріне арналған Цифрлық кодексті әзірлеуді ұсынды
21.10.2026, 13:04