Ақтөбеде су тасқынынан кейін апатты деп танылған баспаналар сүріліп жатыр
Ақтөбеде көктемгі су тасқынынан кейін апатты, деп танылған баспаналар сүріліп жатыр. Бірінші кезекте 75 үйдің орны тазартылады. Өйткені, олардың иелері шаһардың жаңа аудандарынан баспаналы болған.
Жақсыбек Кемал, тілші:
Біз қазір Махамбет елді мекенінде тұрмыз.Бұл аумақ 2017 жылы да суға кеткен еді. Алдымен осы жердегі баспаналар бұзылып жатыр. Қала әкімдігінің тізімінде осындай 200-ге жуық нысан бар.
Бұл бұрынғы бау-бақша ұжымы. Алайда, уақыт өте келе түгелге жуығы тұрғылықты баспанаға айналған. Биылғы тасқын кезінде бұл аумақтағы үйлердің түгелге жуығы су астында қалды. Зейнеткер Сайлау Медетбаевтың 20 жыл бойы тұрған баспанасы да бұзылды.
Сайлау Медетбаев, тұрғын:
Кезінде 10 мың долларға сатып алған үйім ғой. Союз уақытында алған үйімді сатып, астмамен ауырғасын, болмайды деді дәрігерлер тұруға. Дымда сұраған жоқпын, маған тек үй берсін дедім.Үй берді. Рахмет әкімдікке.
Бірінші кезекте «Новостройка» бау-бақша ұжымындағы үш үй бұзылды. Тұрғындарға бір ай уақыт берілген. Олар осы уақыт ішінде іске жарамды дүние-мүліктерін алып кетті. Ескі үйлерін бұзып аламын дегендерге де қарсылық болған жоқ.
Сұлтан Аманшин, қала әкімінің орынбасары:
Өздерінің жеке заттарын алып жатыр. Одан бөлек шатыр, шифер, профлист, кейбір азаматтар терезелерін алып кетіп жатыр. Кейбірі іштегі ағашқа дейін алып жатыр. Ол жерде ешқандай тыйым салынбайды. Барлықтарына уақыт берілді.
Бұл жұмыстар адам өміріне қауіп төндірмеу үшін атқарылуда. Тазартылған аумақ толықтай мемлекет меншігіне өтеді. Алдағы уақытта ешқандай мақсатта қолданылмайды. Шығын көлемін анықтау үшін құрылған комиссия жұмысы әлі жалғасады. Өйткені, облыс орталығында 125 тұрғынға қатысты әлі нақты шешім шыққан жоқ.
Жақсыбек Кемал
Автор
Жақсыбек Кемал
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы
Қазақстан көшпенділер ойындарында көш бастап тұр
05.09.2026, 20:09
Үш облыстың аумағымен әскери техника жүріп өтеді
05.09.2026, 20:09
Президент Қазақстан атынан Дүниежүзілік көшпенділер ойындарына қатысушыларға жеңіс тіледі
05.09.2026, 20:08
Шетелдіктер Бельгияда қазақша үйреніп жүр
05.09.2026, 20:08
Ұлт ұстазының еңбектері Түркияда да зерттеліп жатыр
05.09.2026, 20:08
Курчатовта қуаты 700 МВт болатын электр стансасы салынады
05.09.2026, 20:07
Халықаралық әуе қатынасы 161 бағытқа дейін артты
05.09.2026, 20:06
Қайырымдылық күніне орай мұқтаж жандарға қолдау көрсетілді
05.09.2026, 20:04