Жамбыл облысында сел қаупін төндіретін 18 өзен бақылауға алынды - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Жамбыл облысында сел қаупін төндіретін 18 өзен бақылауға алынды

01.07.2024

Жамбыл облысында сел қауіпі бар 18 өзенде бақылау күшейтілді. Сегіз су бекеті арқылы өзендердің деңгейі мен ағыстың жылдамдығы тұрақты қадағалануда. Сондай-ақ, судың мехниалық құрамы да жіті тексеріліп жатыр. Өйткені тау суларының тазалығына қарап, лайлы ағынның басталғанын анықтауға болады. Аймақта сел қауіпін төндіретін 5 аудан бар. Оның ішінде әсіресе Меркі және Тұрар Рысқұлов аудандарында қауіпті өзендер көп, таулары да биік. Бұл аумақтарда 10 мыңға жуық тұрғын мен 1 800-ден астам түрлі нысан бар. Мамандар әзірге қауіп жоқ дейді. Бірақ күн күрт ысып, жаңбыр тоқтаусыз жауса тау бөктеріндегі қар жамылғылары еруі мүмкін. Сондықтан, мамандар қыркүйек айына дейін бақылауды жалғастырады.

Сұлтан Ақбердиев, ҚР ТЖМ «Қазселден қорғау» ММ Жамбыл аумақтық пайдалану басқармасы филиалының басшысы:

Меркі, Асапара шатқалдары өте қауіпті. Себебі Меркіде жоғары деңгейде орналасқан 5 мұзды көл бар, сел қауіпін төндіретін. Ал Аспарада 10 мұзды көл бар. Сел тасқыны болған жағдайда жоғарғы су бекеттері хабарлама берсе шамамен секундына 2,5 метрдей селдің ағынының жылдамдығы, сонда 2,5-3 сағатта хабар беріп үлгереді, құлақтандырып.


Хабарламаларға жазылу