Қырғызстандағы сел құрбандарының саны 10-ға жетті
Қырғызстанның Ош облысы Нооқат ауданында селден қаза тапқан адам саны 10-ға жетті. Құтқарушылар бүгін тағы бір баланың денесін тапты. Табиғи апат жайлаған аймақта төтенше жағдай жарияланған. Нооқат ауданында маусымның 28-де нөсер жауын жауып, сел жүрді. 28 үйді су басқан. Қазір, оқиға орнында құтқарушылар, жергілікті тұрғындар жұмыс істеп жатыр. Қырғызстанның Төтенше жағдайлар министрлігі, аймақта тағы да сел жүру қаупі барын ескертіп отыр. Ал елдің премьер-министрі Ақылбек Жапаров, сел кезінде адамдардың өліміне «бір алаяқтың» әрекеті себеп болғанын айтады.
Ақылбек Жапаров, Қырғыз республикасының премьер-министрі:
«Қызыл-Қия көмір» акционерлік қоғамы биік көпірлер салмағанда, Нооқат ауданындағы сел ағыны осыншама күшті болмас еді. Іс жүзінде су көпір алдында жиналғаннан кейін сел күшейіп, төменге қарай аққан.
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы
Мерейлі отбасы – тәрбие мен дәстүр сабақтастығы
07.08.2026, 20:19
СҚО-да егін орағына әзірлік пысықталды
07.08.2026, 20:17
«Болашақ ойындары-2026»: 180 млн қаралым жиналды
07.08.2026, 20:15
Ақкерегешың – ақ жартасқа қашалған тарих
07.08.2026, 20:14
Биыл тұзды көлдерде 6 адам қайтыс болған
07.08.2026, 20:13
Президент солтүстіктегі тұрғындарды облыстың 90 жылдығымен құттықтады
07.08.2026, 20:11
Жаңа Конституция – жарқын болашақ кепілі
07.08.2026, 20:11
Құрылтай: Үгіт-насихат жұмыстары жалғасып жатыр
07.08.2026, 20:01