ШЫҰ саммиті Қазақстанның әлем алдындағы беделін айшықтай түседі – сарапшы - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

ШЫҰ саммиті Қазақстанның әлем алдындағы беделін айшықтай түседі – сарапшы

01.07.2024

ШЫҰ саммиті Қазақстанның әлем алдындағы беделін айшықтай түседі. Елімізге жаңа инвесторлар көптеп келіп, экономикамыз қарыштап дамиды. Бұл туралы Қазақстан Республикасының алғашқы Сыртқы істер министрі Төлеутай Сүлейменов айтып отыр. Саясаткер маңызды шараның елімізде өтуін саяси прогресске балайды.

Төлеутай Сүлейменов, мемлекет және қоғам қайраткері:

Қазір осы ұйым әлемде абыройы көтеріліп жатыр. Қазақстанның да абыройы көтеріледі. Неге десеңіз, Қазақстанымызға үлкен пайда болады. Энергетика болсын, транспортный болсын, инвестиция, экология жағынан, транспортный жолдар, здравохранениеге пайдасы көп.

Қазақстан стратегиялық зерттеулер ұйымының сарапшысы Бауыржан Әукеннің айтуынша, Астанада өтетін бұл ауқымды саяси іс-шара міндетті түрде әлем елдерінің назарын аудартады. Өйткені, көлемі үлкен ұйымға қызығушы ел көп. Ал, бұл Қазақстанның өзге де дамыған мемлекеттермен байланысын нығайтып, әлемдік аренада беделін артырады дейді. Сондай-ақ, алпауыт елдермен сауда айналымы артып, экономикаға айтарлықтай септігін тигізеді деп сенеді.

Бауыржан Әукен, ҚР Президенті жанындағы ҚСЗИ Азиялық зерттеулер бөлімінің аға сарапшысы:

Қазақстанның ШЫҰ тәрізді ықпалды ұйымға мүше болғаны еліміздің әлемдік саясаттағы өз орнын бекітуге үлкен үлесін тигізді. Және экономикалық тұрғыдан алатын болсақ, Қазақстанның Қытай Үндлістан ұұйым мүшелерімен байланыс зор болғандықтан бұл тікелей біздің тауар айналымымызға, экономикаға инвестиция тартуға үлкен әсерін тигізбек.


Жандос Темірғали

Хабарламаларға жазылу