«Азия балалары-2024»: Қазақстан қоржынында 5 алтын - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

«Азия балалары-2024»: Қазақстан қоржынында 5 алтын

01.07.2024

Қазақстан қоржынында бес алтын. Ресейдің Якутск қаласында өтіп жатқан «Азия балалары» ойындарында Қазақстан қоржынына тағы 4 алтын медаль түсті. Еркін күрестен 75 келі салмақта өнер көрсеткен Әділбек Ерболатов алтыннан алқа тақты. Үмітжан Мұратжанов есімді балуанымыз күміс жүлдегер атанды. Тағы төрт атлетіміз қолаға қол жеткізді. Жеңіл атлетика, дзюдо, көркем гимнастика, жүзу, таеквондо сияқты сайыс түрлерінде де жас спортшыларымыз Ресей, Өзбекстан, Беларусь, Саха Республикасының спортшыларынан басым түсті. Қазақстан делегациясы 5 алтын, 9 күміс, 31 қола медальмен жалпы есепте 8-орында келе жатыр.

Тоғжан Қазынабек, Таеквондодан VIII Жазғы «Азия балалары» ойындарының чемпионы:

Чемпион атандым, өте қуаныштымын. 4 жекпе-жек өткіздім. Бұл жеңісімді ата-анама және жаттықтырушыларыма арнаймын.

Меруерт Балғынбаева, көркем гимнастикадан бапкер:

Ақмаралдың күміс медаліне қуаныштымын мен бапкер ретінде. Өйткені ең мықты спортшылар қатысты. Ресейден 12 спортшы қатысты. Сонымен қатар біздің басты қарсыластарымыз Беларусь командасы, өзбектер.

Қаракөз Тұрмағамбет


Хабарламаларға жазылу