Биыл 2 мың шақырым жол пайдалануға беріледі
Елімізде биыл екі мың шақырымға жуық жол ел игілігіне беріледі. Олар Астана-Алматы, Атырау-Астрахань, Ақтөбе-Қандағаш, Талдықорған-Өскемен тас жолдары. Бұл бағыттар бойынша қазір жұмыс қызу жүріп жатыр. Жолдар 80 пайызға дайын. Бұған дейін Президент еліміздің көлік инфрақұрылымын дамыту үшін тас жолдардың тақтайдай болуы маңызды екенін айтқан еді. Бұл еліміздің көлік тасымалы саласындағы әлеуетін арттыра түседі. Бұдан бөлек алдағы үш жылда туристік нысандарға апаратын екі мың шақырым жол жөнделмек.
Сәкен Ділдахмет, «ҚазАвтоЖол» ұлттық компаниясының ресми өкілі:
Бұл енді еліміздің ішкі туризмінің дамуына және де экономикасының дамуына өз септігін тигізетін болады. Ол еліміздің ұлттық парктері тарихи кешендері бар, демалыс орындары бар соған апаратын үлкен ауқымды жолдар.
Досжан Маратұлы
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы
Қазақстан әлемдегі ең ықпалды 35 мемлекеттің қатарына енді
10.10.2026, 14:32
«Әділет» партиясы Алматыдағы жаңа экологиялық бастамаларды қолдады
09.10.2026, 22:15
Әлеуметтік қолдаудың жаңа мүмкіндіктері
09.10.2026, 21:30
Президент Каспий маңы елдерінің ғылыми әлеуетін біріктіруге шақырды
09.10.2026, 20:35
Театр көрермені көбейіп келеді
09.10.2026, 20:25
Қос марапат – ұлттық мәдениетті ұлықтаудың жаңа белесі
09.10.2026, 20:20
Орталық Азиядағы алғашқы кітап оқу марафоны
09.10.2026, 20:19
Әр азамат елдік мәселелерді талқылауға үлес қоса алады
09.10.2026, 20:18