Риддер қаласындағы ЖЭО жаңғыртуға 8,2 млрд теңге бөлінді
Шығыстағы Риддер қаласындағы жылу электр орталығын жаңғыртуға биыл мемлекеттен сегіз миллиард, екі жүз миллион теңге бөлінді. Бұл қаржыға 6 қазандық пен 19 шақырым жылу құбыры ауыстырылады. Мамыр айының басында құрылғылар мен қазандықтарды демонтаждау жұмыстары басталған. Қазір жаңасын салып, дәнекерлеу жүріп жатыр. Бұл жұмыстарға орталықтың жұмысшыларынан тыс тағы 200 маман тартылған. Олар екі аусыммен тоқтаусыз жұмыс істеп жатыр. Былтырыдан бері мемлекеттен бөлінген қомақты қаржының арқасында жылыту орталығы 60 пайызға жаңғырды. Енді құбырлар ауыстырылмақ.
Нұрлан Рамазанов, Облыстық ТҮКШ басқармасының басшысы:
Жалпы су құбырлары ауыстырылуда. Яғни, бұл 1956-жылдан бері ауыстырылмаған. Биыл біз ол жұмысты да қолға алдық. Былтыр біз үкімет тарапынан «Риддер ЖЭО» қалпына келтіру жұмыстарын бастадық. Былтыр 7,5 миллиард теңге салынған болатын. Биыл 8,2 миллирад ақша бөлінген. Жұмыстар былтырғыға қарағанда шамалы ертрек біту керек.
Олжас Керейхан
Автор
Олжас Керейхан
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы
Қазақстан Адам дамуы деңгейі бойынша әлемдегі үздіктер қатарына енді
24.07.2026, 12:28
Болашақ ойындарында мыңға жуық волонтер қызмет етеді
23.07.2026, 20:45
ШҚО-да республикалық ардагерлер ұйымының кеңесі өтті
23.07.2026, 20:40
Еңбек нарығында оң динамика байқалады
23.07.2026, 20:38
Елімізде жеке ортездер шығаратын алғашқы мемлекеттік өндіріс іске қосылады
23.07.2026, 20:35
4 700-ден астам адам ағза ауыстыруға мұқтаж
23.07.2026, 20:29
Алматыда бесінші қабаттан құлаған 4 жасар бала аман қалды
23.07.2026, 20:23
Ресейде су тасқыны үйлерді шайып кетті
23.07.2026, 20:22