Байден мен Трамп теледебат өткізді
АҚШ-та президент Джо Байден мен Ақ үйдің бұрынғы басшысы Дональд Трамп арасында алғашқы тартысты теледебат өтті. Бұл дебат елде қарашаның 5-дегі президент сайлауы алдында өтіп жатыр. Екі қарсылас талқыны АҚШ экономикасынан бастады.
Байден өз президенттігі кезінде қол жеткізген экономикалық жетістіктерін атады. Трамп болса, Құрама Штаттардың жағдайын инфляция қиындатты деді. Сыртқы саясатқа ойысып, олар Украинадағы, Газа секторындағы соғыс туралы сөз қозғады. 81 жастағы демократ пен 78 жастағы республикалық қос саясаткер арасындағы теледебат 90 минутқа жалғасты. Кандидаттар бірін-бірі айыптап, сынады. Дебат басында да, соңында да Байден мен Трамп бір-бірімен қол беріп амандасқан жоқ.
Арай Төлегенқызы
Автор
Арай Төлегенқызы
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы
Қоржында - 10 алтын
21.10.2026, 20:30
Абайға қатысты жәдігерлер жеке жинаққа топтастырылмақ
21.10.2026, 20:23
35 мың тұрғын «Кітап оқитын ұлт» марафонына қатысып жатыр
21.10.2026, 20:21
Мәулен Әшімбаевтың жаңа кітабы таныстырылды
21.10.2026, 20:20
Патриоттық әндерге байқау жарияланды
21.10.2026, 20:20
Республика күніне орай сауда орталықтары ауқымды акция өткізіп жатыр
21.10.2026, 20:19
Тау кластері: Экономикалық әлеует артады
21.10.2026, 20:17
Соңғы 7 жылда 36 мың шақырымнан аса жол салынған
21.10.2026, 20:16