Парламент депутаттары каникулға кетті
Парламент депутаттары демалысқа кетті. Бүгін сегізінші шақырылымның екінші сессиясын қорытындылауға арналған қос палатаның бірлескен отырысы өтті. Мәжіліс төрағасының дерегінше, Парламент осы сессияда 102 заң жобасын қабылдады. Палаталардың 5 бірлескен отырысы, Мәжілістің 39, Сенаттың 43 отырысы өтті. Бірқатар заң жобасын әзірлеуде Парламент ел үкіметімен бірлесе жұмыс істеді, - деді Ерлан Қошанов.
Сонымен бірге, Президент жариялаған заң мен тәртіп үстемдігі қағидаты өткен заң шығару маусымындағы басты бағдар болғанын, қоғамның сапалы заңдар қабылдауға деген сұранысын арттыра түскенін атап өтті. Парламенттік каникул 1 қыркүйекке дейін жалғасады.
Ерлан Қошанов, ҚР Парламенті Мәжілісінің төрағасы:
Өткен сессия «Мықты Президент – ықпалды Парламент – есеп беретін Үкімет» формуласының тиімділігін іс жүзінде дәлелдеді. Билік тармақтарының тепе-теңдігін қамтамасыз ететін бұл жүйе пәрменді шешімдер қабылдауға мүмкіндік туғызды. Осының бәрі елімізді одан әрі дамытуға, халықтың әл-ауқатын арттыруға бағытталған.
Айя Мүтәлі
Автор
Айя Мүтәлі
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы
Астанада реновация аясында жаңа тұрғын үй кешені бой көтерді
27.07.2026, 13:09
Қарағандыда студенттер қағаз басып шығаратын құрылғы құрастырды
27.07.2026, 13:08
Google АҚШ-ТА 32 млн маса ұшырмақ
27.07.2026, 13:07
Екі елде 330 мыңнан астам адам эвакуацияланды
27.07.2026, 13:06
Ресейде әуе компаниялары дағдарысқа ұшырады
27.07.2026, 13:03
БҚО-да 56 млн теңге жымқырған мердігерлер сотталды
27.07.2026, 13:03
Елімізде электр стансаларын жөндеуге 384 млрд теңге қаржы бөлінді
27.07.2026, 13:01
Ұлытауда үш ғарышкер Жезқазған маңына қонды
27.07.2026, 10:12