Мемлекет басшысы БАҚ қызметкерлерін кәсіби мерекесімен құттықтады - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Мемлекет басшысы БАҚ қызметкерлерін кәсіби мерекесімен құттықтады

28.06.2024

Бүгін журналистердің кәсіби мерекесі! Осы ретте Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев БАҚ қызметкерлерін құттықтады. Президент баспасөз саласын дамыту, журналистердің құқықтары мен заңды мүдделерін қорғау – мемлекеттің маңызды міндетінің бірі екенін атап өтті.

«Сіздер қай кезде де, халыққа шынайы әрі жедел хабар таратып, кәсіби біліктіліктің озық үлгісін көрсетіп жүрсіздер. Болашақта да, елдік мәселелерді көтеріп, ұлттық құндылықтарды насихаттауға белсене атсалыса бересіздер деп сенемін», - деп жазылған жеделхатта.

Сондай-ақ Мәдениет және ақпарат министрі де БАҚ саласы мамандарын төл мерекесімен құттықтады. Өз сөзінде жаһандық өзгерістерге толы жаңа дәуірде мылтықсыз майданда журналистер қауымының қоғамдағы рөлі орасан екенін атап өтті. «Барша әріптестеріме қызығы мен қиындығы мол қызмет жолында еселі еңбек етіп жүргені үшін тағы да алғыс айтамын», - деді Аида Балаева.

Қаракөз Тұрмағамбет


Хабарламаларға жазылу