Үкімет басшысы «Бәйтерек» ғарыштық зымыран кешені құрылысымен танысты - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Үкімет басшысы «Бәйтерек» ғарыштық зымыран кешені құрылысымен танысты

27.06.2024

Үкімет басшысы Олжас Бектенов «Бәйтерек» ғарыштық зымыран кешені құрылысының қарқынын тексерді. Премьер-министр Қызылорда облысына жұмыс сапарымен барып Байқоңырдың даму жоспарымен танысты. Монтаждау-сынақ кешенін, сондай-ақ зымыран көлеміне шақталған көлік қондырғыларын қарап шықты. «Бәйтерек» акционерлік қоғамы басқарма төрағасы Айдын Айымбетов кешенді заманауи жүйелерге сәйкестендіріп жаңғырту туралы баяндады.

Үкімет басшысы «Бәйтерек» ғарыштық зымыран кешені бүгінде посткеңестік аумақтағы Қазақстан мен Ресейдің ең ірі бірлескен жобасы екенін және екі мемлекет басшыларының ерекше бақылауында екенін атап өтті. Биыл оны іске асыруға 14,7 млрд теңге бағытталған. Қаражаттың қалған бөлігін бөлу мәселесі қосымша пысықталады деді.

Динара Жарқынбек


Хабарламаларға жазылу