Елордада ШЫҰ саммиті кезінде қауіпсіздік шаралары күшейтіледі
Елордада Шанхай ынтымақтастық ұйымының саммиті кезінде қауіпсіздік шаралары күшейтіледі. Бұл туралы Сенатта Ішкі істер министрінің бірінші орынбасары Марат Қожаев айтты. Ведомство өкілінің хабарлауынша, стратегиялық нысандармен қатар, мешіттер мен шіркеулер қатаң бақылауға алынбақ. Ауқымды шара күні шамамен 8 мыңға жуық полицей қызметке кіріседі.
Жандос Темірғали, тілші:
Саммитке 16 мемлекеттің президенті қатысады деп күтіліп отыр. Қаланың негізгі көшелерінде дайындық қызу.
Мирас Әбдірахман, қалалық ішкі саясат басқармасы басшысының орынбасары:
Рас дайындықты күшейтіп жатырмыз. Осы жылғы жолды жөндеу жұмыстары саммитпен бір уақытқа келіп жатыр. Бірақ ол жоспарланған алдын ала. Біз қазіргі таңда 70 көшені орташа жөндеумен, 200 көшені ағымдағы жөндеумен жоспарлап отырмыз. Ол 200 көшенің жартысы бітті.
Жандос Темірғали, тілші:
Саммит күні қаланың кейбір орталық көшелерінде уақытша қозғалыс шектеледі. Мемлекеттік және квазимемлекеттік сектор қызметкерлерінің 70 пайызы қашықтан жұмыс істейді. Біз қазір Тәуелсіздік даңғылының бойында тұрмыз. Қазір бұл жерде де дайындық қыза түскен.
Марат Қожаев, ҚР Ішкі істер министрінің бірінші орынбасары:
Қауіпсіздік шараларын әлемдік тәжірибеге сүйеніп жасап жатырмыз. Бәрі халықаралық стандартқа сай. Азаматтардың жүріп-тұруына ешқандай шектеу жоқ. Қаланы ешкім жаппайды.
Жандос Темірғали, тілші:
Сонымен қатар елордадағы 510 балабақша жұмысын тоқтатады. Қауіпсіздік - бірінші орында. Сондықтан арнайы бекеттер жасақталып, полиция күшейтілген режимге көшеді.
Жандос Темірғали
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы
Алматыда әлемдік сарапшы Кай-Фу Ли «AI Class» авторлық курсын өткізді
03.05.2026, 16:50
Туған үш ағайынды бір әскери бөлімде борышын өтеуде
02.05.2026, 20:08
Қауіпсіздігі жоғары композиттік газ баллондары өндіріледі
02.05.2026, 20:07
Балық аулауға уақытша тыйым салынды
02.05.2026, 20:05
Нөсер жауыннан өзендер тасып, екі көпірді шайып кетті
02.05.2026, 20:05
Қазақстан ғарышты игерудің жаңа дәуіріне қадам басты
02.05.2026, 20:04
Халықаралық келіссөз: Польшада ұсталған қазақстандық бостандыққа шықты
02.05.2026, 20:02
Қазақ тазысы 2035 жылы әлемдік деңгейде мойындалуы мүмкін
02.05.2026, 20:01