28-маусым - Бұқаралық ақпарат құралдары қызметкерлері күні. Осыған орай бір топ журналистерге Ұлытау облысы әкімінің «Ular» сыйлығы салтанатты жағдайда табысталды. Мереке қарсаңында мерейі үстем болған қаламгерлердің қуанышты сәтіне әріптесім ортақтасты.
Альмира Оспан - шығармашылықтағы ең алғашқы қадамын Ұлытау аудандық газетінен бастаған журналист. Сол ұжымда оның қанаты қатайып, қаламы ұшталды.12 жыл ішінде газеттің қатардағы тілшісінен бас редактор лауазымына дейін өсті.
Альмира Оспан, «Ұлытау» аудандық газетінің бас редакторы:
Бүгін міне журналистер күні қарсанында Ұлытау облысы әкімінің БАҚ-тың қызметіне арналған "Ұлар" сыйлығының ауыл тақырыбы бойынша номинациясына ие болып, жеңімпаз атанып отырмын.Шығар шыңдарыңыз биік, алар асуларыңыз асқақ болсын.Жазарымыз көп болсын. Қаламымымыз мұқалмасын.
Ұлытау облысы әкімінің «Ular» сыйлығы осымен екінші рет өткізіліп отыр. Бәсі биік байқауда үздіктерді арнайы комиссия анықтады.Жүзден жүйрік шыққан журналистер он екі номинация бойынша марапатталды.
Ұлантай Үсенов, Ұлытау облысы әкімінің орынбасары:
Біздің еліміздің жаңа бір белестерінің қағидасы сіздердің еңбектеріңіз болып табылады.Сондықтан алдағы уақытта еңбектеріңіз жана берсін.Отбасыларыңызға амандық тілеймін. Осы мереке қарсаңында барлықтарыңызды шын жүректен құттықтаймын.
Ұлытау облысының журналистикасын дамытуға қосқан үлесі үшін» арнайы сыйлығы мен 1 миллион теңге ақшалай сертификат белгілі журналист Амандық Рахұлына табысталды.«Егемен Қазақстан» газетінің Ұлытау облысы бойынша меншікті тілшісі Абдолла Дастанов «Қазақстанның құрметті журналисі» атанды. «Экономика», «Әлеумет» және «Сыбайлас жемқорлық», «Өндіріс», «Белсенді өмір ұстанымы» тақырыптарын үздік жариялаған масс-медиа өкілдеріне 500 мың теңгеден қаржылай сыйақы берілді.
Жандос Бақытұлы