«AULAFIT» әлеуметтік жобасының ауқымы кеңейіп келеді - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

«AULAFIT» әлеуметтік жобасының ауқымы кеңейіп келеді

27.06.2024

«AULAFIT» әлеуметтік жобасының ауқымы кеңейіп келеді. Жоба арқылы қала тұрғындары өз ауласында жаттықтырушымен бірге тегін спортпен шұғылдануға мүмкіндік алады. Бүгін жобаға қатысушылар таңғы жаттығуды экологиялық акцияны қолдау мақсатында ерекше жағдайда өткізді.

Таңғы жаттығуға жиналған астаналықтар сенбілікке қажетті құрал жабдықтармен түрлі жаттығу жасап, қалада өтіп жатқан тазалық шарасына қолдау көрсетті. Жалпы елордалықтар жаттықтырушымен бірге аптаның әр дүйсенбі, сәрсенбі және жұма күндері қаладағы 15 аулада спортпен шұғылдана алады.

Айтжан Мусин, «Aulafit» әлеуметтік жобасының жетекшісі:

«Aulafit» жобасы короновирус уақытында басталды, 2020 жылы. Ең бірінші біз 4 ауланы қамтығанбыз. Биыл 30 аулаға дейін көбейіп жатыр. Біздің қатысушыларымыз салауатты өмір салтын және аула тазалығын қолдайды. 

«Таза бейсенбі» экологиялық акциясы өтті

Сонымен қоса, бүгін астаналықтар «Таза Қазақстан» жалпыұлттық бастамасы аясында «Таза бейсенбі» экологиялық акциясына да белсене қатысты. Тазалық шарасы Нұра ауданы әкімдігінің қолдауымен қаладағы Газ аппаратурасы аумағында ұйымдастырылды. Шараға жүзден астам жас қатысты.

Ғабит Ұзақбай

Хабарламаларға жазылу