БҚО-ның Бөрлі ауданында 60 үй салынып жатыр
Батыс Қазақстан облысының Бөрлі ауданында тасқыннан зардап шеккендерге 60 үй салынып жатыр. Атап айтқанда, Ақсу ауылында – 23, Пугачевте – 12, Аралталда – 14, Кеңтүбекте 11 баспана құрылысы қарқын алды. Қазір үйлердің басым бөлігінде жұмыс 60 пайызға аяқталған. Құрылыс барысын бейнебақылау камералары арқылы gov.kz сайтынан көруге болады. Бұдан бөлек ауданда тасқыннан зардап шеккен отбасыларына 64 үй сатып алынды. Жалпы өңірде Орал қаласы мен бес ауданда барлығы 850 үй салынып жатыр.
Тілепберген Каюпов, облыс әкімінің орынбасары:
Қаражат көздері табылып, «АқсайГазСервис» компаниясы есебінен Ақсу мен Кеңтүбекте салынса, Пугачев пен Аралталда «Ақжайық» қоры есебінен жүргізілуде. Жаңа айтылғандай тапсыру мерзімі 1 тамыз болып белгіленді.
Ал Ақтөбе облысы Мұғалжар ауданында 42 отбасына баспана кілті табысталды. Олар - тасқын кезінде үйлерінен айрылған Ембі қаласы мен Жағабұлақ, Басшилі, Бірлік, Қаракөл ауылдарының тұрғындары. Жалпы аудан бойынша 76 үй мен үш коммерциялық нысанға залал келген еді. Қазір Жағабұлақ ауылында - 9, Бірлікте 5 үй салынып жатыр.
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы
Қазақстан әлемдегі ең ықпалды 35 мемлекеттің қатарына енді
10.10.2026, 14:32
«Әділет» партиясы Алматыдағы жаңа экологиялық бастамаларды қолдады
09.10.2026, 22:15
Әлеуметтік қолдаудың жаңа мүмкіндіктері
09.10.2026, 21:30
Президент Каспий маңы елдерінің ғылыми әлеуетін біріктіруге шақырды
09.10.2026, 20:35
Театр көрермені көбейіп келеді
09.10.2026, 20:25
Қос марапат – ұлттық мәдениетті ұлықтаудың жаңа белесі
09.10.2026, 20:20
Орталық Азиядағы алғашқы кітап оқу марафоны
09.10.2026, 20:19
Әр азамат елдік мәселелерді талқылауға үлес қоса алады
09.10.2026, 20:18