«Таза Қазақстан»: Бүгіннен бастап «Алматы жазы» науқаны басталды
«Таза Қазақстан» жалпы республикалық науқаны аясында «Алматы Жазы» акциясы басталды. Бүгіннен бастап 6 шілдеге дейін қаладағы өзендер мен су айдындарының жағалаулары түгел тазаланады. 1500 шақырымнан астам арық желісін қоқыстан тазарту жұмысы да күшейтілмек. Сондай-ақ, 6 мыңға жуық апатты ағаш кесіліп, аялдамалар мен жол белгілері де жуылады. 25 мыңға жуық көше және ауладағы қоқыс жәшігі тазартылады. Оған қоса, шаһардағы субұрқақтың бәрі тексерілмекші.
Әлинұр Бәкенов, қалалық Экология және қоршаған орта басқармасының бас маманы:
Алматыда 150 субұрқақ бар. Қазір 6-уы қайта жаңартылып жатыр. Субұрқақтың суы ай сайын ағызылып, жабдықтар тексеріліп, арнайы құралдармен тостағаны жуылып, тазартылады. Жеке аумақта орналасқан субұрқақтардың жағдайы мәз емес, істен шыққандары бар. Енді осы «Алматы жазы» акциясы аясында жеке субұрқақтар қалалық нысандармен бірге ретке келтіріледі.
Әйгерім Ердәулет
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы
HackAlem AI қатысушылар саны бойынша әлемдік рекорд орнатты
24.09.2026, 09:43
Шекарадағы өткізу бекеттері жаңартылды
23.09.2026, 20:30
Азия ойындары: Қоржындағы медаль саны 19-ға жетті
23.09.2026, 20:28
Қытайда халықаралық «Жібек жолы» кинофестивалі өтті
23.09.2026, 20:26
Жетісу облысында үш экопарк ел игілігіне берілді
23.09.2026, 20:24
Астанада HackAlem AI хакатоны өтті
23.09.2026, 20:22
Бурабайда тау туризмі дамып келеді
23.09.2026, 20:20
Елордада бірыңғай дизайн-код бекітілді
23.09.2026, 20:18