ШҚО-да қазақ тілін үйрететін «Қонақжай отбасы» жобасы биыл да жүзеге асады
Мемлекеттік тілді үйретуге бағытталған «Қонақжай отбасы» жобасы шығыста биыл да жүзеге асады. Өзге ұлт өкілдерінің балалары жазғы каникулда Қатонқарағай мен Үлкен Нарын ауданындарындағы қазақ отбасыларда 1 айға жуық тұрады. Олар қазақ тілін үйреніп, салт-дәстүрі мен ауылдағы тірлікті өз көздерімен көреді. Яғни мемлекеттік тілді күнделікті диалог арқылы үйренеді. Биыл бұл жобаға Шемонайха, Глубокое, Алтай ауданы мен Риддер, Өскемен қалаларынан 500-ге жуық бала қатыспақ. Алғашқы легінде 160 оқушы Қатонқарағай өңіріндегі бірнеше ауылға барды. Әр отбасында 2-3 баладан тұрады.
Жанар Үзенбаева, Белқарағай ауылының тұрғыны:
Күнделікті ауызекі сөйлеу тілінде қазақша айтып отырмын. Бірінші күні орысша айттым қосымша сөздерді. Қалған күндері тек қазақша айтып келе жатырмын. Қыздар да соған үйренді. Қазір бірдеңе айтсам, түсінбесе ғана сұрайды. Ал түсінсе, ары қарай өздері іліп әкетеді десем болады.
Олжас Керейхан
Автор
Олжас Керейхан
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы
Қазақстан әлемдегі ең ықпалды 35 мемлекеттің қатарына енді
10.10.2026, 14:32
«Әділет» партиясы Алматыдағы жаңа экологиялық бастамаларды қолдады
09.10.2026, 22:15
Әлеуметтік қолдаудың жаңа мүмкіндіктері
09.10.2026, 21:30
Президент Каспий маңы елдерінің ғылыми әлеуетін біріктіруге шақырды
09.10.2026, 20:35
Театр көрермені көбейіп келеді
09.10.2026, 20:25
Қос марапат – ұлттық мәдениетті ұлықтаудың жаңа белесі
09.10.2026, 20:20
Орталық Азиядағы алғашқы кітап оқу марафоны
09.10.2026, 20:19
Әр азамат елдік мәселелерді талқылауға үлес қоса алады
09.10.2026, 20:18