СҚО-да тасқыннан зардап шеккен 500 отбасы пәтерлі болды
Солтүстік Қазақстан облысында тасқыннан зардап шеккен 500 отбасы пәтерлі болды. «Қызылжар-Асар» қоғамдық қоры арқылы бұл мақсатқа 8 млрд теңгеден астам қаражат жұмсалды. Баспанаға ие болғандардың бірі Әбілиндер отбасы. Оларға Береке ықшам ауданынан 3 бөлмелі пәтер берілді.
Құралай Әбілина, Петропавл қаласының тұрғыны:
Жолдасым екеуміз бірінші күндері керемет уайымдап жүрдік, қалай болады, не болады. Өте қуаныштымыз. Бізге осындай мемлекет көп көмектескеніне, далада қалмай, ризамыз.
Жалпы Солтүстік Қазақстан облысында 4 мыңға жуық үйді су басқан болатын. Оның жартысына жуығы жөндеуге жарамсыз деп танылды. Бүгінгі күнге дейін облыс орталығында 220 үй сүрілді. 2 мыңға жуық баспана қалыпқа келтіріледі. Оның 700-інде жөндеу жұмыстары жүріп жатыр. Петропавлда тасқыннан зардап шеккен азаматтарға арналған 600 үй салынып жатыр.Әлі де бірнеше пәтер сатып алынады.
Эльмира Кәленова
Автор
Эльмира Кәленова
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы
Азия пара ойындарында спортшыларымыз тағы төрт алтын алды
21.10.2026, 13:15
Амандасу әдебі – ұлттық мәдениеттің көрінісі
21.10.2026, 13:13
Жетісу облысының Көксай ауылында жаңа мектеп ашылды
21.10.2026, 13:12
Ақтөбе облысындағы Қарауылкелді теміржол вокзалы жаңартылды
21.10.2026, 13:10
Астанада кейбір үй балкондарына ту ілді
21.10.2026, 13:08
Парижде коменданттық сағат ұзартылды
21.10.2026, 13:07
Ресейде демографиялық дағдарыс күшейіп барады
21.10.2026, 13:05
Қазақстан ТүркПА елдеріне арналған Цифрлық кодексті әзірлеуді ұсынды
21.10.2026, 13:04