Джулиан Ассанж Лондон түрмесінен босатылды - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Джулиан Ассанж Лондон түрмесінен босатылды

25.06.2024

Атышулы WikiLeaks сайтының негізін қалаушы Джулиан Ассанж Лондон түрмесінен босатылды. 14 жылға созылған сот дауы аяқталуға жақын. WikiLeaks-тің дерегінше, Ассанж Ұлыбританиядан басқа елге ұшып кеткен. Өзге бір мәліметтерге қарағанда ол Таиланд астанасы Бангкокқа кеткен болуы мүмкін.

Ассанж кінәсін мойындау туралы АҚШ сотымен келісім жасасып, 62 айға қамалуы керек. Бірақ бұл мерзімге оның түрмеде отырған бес жылы кіреді. Сондықтан ол қайта қамалмай, Австралиядағы үйіне оралуы керек.

Айта кетсек, 2010 жылы WikiLeaks АҚШ үкіметінің жүздеген мың әскери және диломатиялық құжатын жариялады. Содан кейін Вашингтон Ассанжды құпия материалдарды таратты деп айыптап, оны экстрадициялауды бірнеше жыл бойы талап еткені белгілі.

Арыстан Рысбек


Хабарламаларға жазылу