Стамбұлда Қазақстан мен түрік ұстаздарының симпозиумы өтті
Қазақстан пен Түркия ұстаздары білім беру саласындағы күрмеулі мәселелерді бірлесе отырып шешпек. Стамбұл университетінде өткен халықаралық симпозиумда мамандар білім берудегі инновациялық әдістемелерді, яғни жасанды интеллектіні білімде тиімді пайдалану секілді мәселелелерді қарады.
Сондай-ақ, Түркі әлемінде білім берудің біртұтастығын қалыптастыру жайы да айтылды. Ортақ ұстанымдар мен әдіс-тәсілдер болса, бірлесе жұмыс істеу тиімдірек болмақ. Осымен екінші рет ұйымдастырылып отырған халықаралық жиынға Қазақстаннан 50-ге жуық ұстаз қатысты.
Руслан Қаратабанов, Ы.Алтынсарин атындағы ұлттық білім академиясының вице-президенті:
Біздің ғылыми ортаға жаңа әдістеме, сүбелі әдіснамалар береді. Соны өскелең ұрпаққа беріп, одан әрі нығайтып, қор қалдыра аламыз. Екі жақтың білім беру жүйесі бір-бірімен теңесіп, бірін бірі алға тарта алады деген әлеует тағы бар.
Исмайыл Каракая, Гази университетінің профессоры:
Білім беру саласындағы жаңа теориялар мен әдіс-тәсілдер туралы бірқатар жаңа дүниелер айтылды. Мықты шәкірт дайындау үшін не істей аламыз деген мәселені талқыладық. Мұндай істе бауырлас елдердің бірлесе жұмыс істеуі өте маңызды.
Айдос Әшімұлы
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы
Туған үш ағайынды бір әскери бөлімде борышын өтеуде
02.05.2026, 20:08
Қауіпсіздігі жоғары композиттік газ баллондары өндіріледі
02.05.2026, 20:07
Балық аулауға уақытша тыйым салынды
02.05.2026, 20:05
Нөсер жауыннан өзендер тасып, екі көпірді шайып кетті
02.05.2026, 20:05
Халықаралық келіссөз: Польшада ұсталған қазақстандық бостандыққа шықты
02.05.2026, 20:02
Қазақ тазысы 2035 жылы әлемдік деңгейде мойындалуы мүмкін
02.05.2026, 20:01
Павлодарда «Бірге еккен бір ағаш» экологиялық акциясы өтті
02.05.2026, 18:49
1 мамыр – Қазақстан халқының бірлігі күні
01.05.2026, 20:41