V Дүниежүзілік көшпенділер ойыны бір күнге қысқартылды
Бесінші Дүниежүзілік көшпенділер ойыны бір күнге қысқартылды. Яғни, Астанада өтетін жарыс 14-ші емес 13 қыркүйекте аяқталады. Бұл туралы Туризм және спорт вице-министрі Серік Жарасбаев айтты. Сондай-ақ қатысушылар мен елдер саны да азайған. Төрт мың қатысушы екі мыңға дейін қысқарып, ойынға келеді деп жоспарланған жүзден аса ел 89 болды.
Сондай-ақ, бағдарламадан корей күресі, «Ұлы дала жорығы» сияқты спорттың 10 түрінен қойылымдар алынып тасталды. Кейбір спорт түрлері бойынша салмақ санаттарының саны қысқартылыпты. Бұл қаржы үнемдеуге де сеп болған. Қазірге дейін Дүниежүзілік көшпенділер ойынының 500-ден астам билеті сатылған.
Жанкүйерлер тарапынан көкпар, бәйге және күрес түрлеріне сұраныс жоғары екен.
Асылбек Данияр
Автор
Асылбек Данияр
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы
Астанада туристер көбейе бастады
02.07.2026, 13:27
Елімізде 21 мың азамат әскерге шақыртылды
02.07.2026, 13:24
Балқаш маңына коммуналдық жағажайлар мен темір жол вокзалы салынады
02.07.2026, 13:21
Құсмұрындағы теміржол вокзалы толық жаңартылды
02.07.2026, 13:18
Сирияда уақытша парламент құрылды
02.07.2026, 13:15
Венесуэлада 7 күндік ұлттық аза тұту жарияланды
02.07.2026, 13:12
Түрген шатқалында көшкін жүрді
02.07.2026, 13:09
Халықтық Конституция – әділетті қоғамның негізі
02.07.2026, 13:06