Әмір Зәкіров Олимпиадаға жолдама алды
Қазақстандық Әмір Зәкіров Мажарстанда өтіп жатқан лицензиялық турнирдің 2-ші сериясында брейкингтен 2-орын алды. Сөйтіп ол Париж Олимпиадасының жолдамасына қол жеткізді. Сондай-ақ басқа да қазақстандық спортшылар жетістікке жетіп жатыр. Мәселен, Милад Карими Париж Олимпидасында спорттық гимнастиканың 7 түрінен ел намысын қорғайды. Бұл Миладтың жалғыз өзі 7 рет медальға таласады деген сөз. 24 жастағы спортшы, олимпиадада бірнеше медаль жеңіп алса, Үкімет тарапынан әр орын үшін берілетін сыйақыға иелік етеді.
Ал, жергілікті атқарушы органдар тарапынан 1 ғана үй алады. Министрлік ақпаратынша, алтын медаль үшін 250, күміс медальға 150 және қолаға 75 мың АҚШ доллары беріледі. Жалпы Франциядағы байрақты бәсекеге отандастарымыз спорттың 24 түрінен 80 лицензия еншіледі.
Асылбек Данияр
Автор
Асылбек Данияр
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы
«Білім сапасы жақсарса, ұлттық бәсеке қабілеті арта түседі»
09.09.2026, 00:42
90 жастағы қария темірден түйін түйеді
08.09.2026, 21:16
Жаңа оқу жылында 57 мектеп ашылды
08.09.2026, 20:15
Енді мұғалімдерге сабақ сағатын ЖИ бөледі
08.09.2026, 20:14
Елдегі эпидемиологиялық ахуал тұрақты
08.09.2026, 20:13
Әлем жаңалықтарына қысқаша шолу
08.09.2026, 20:12
Экономика өсіп келеді: ЖІӨ 70,9 трлн теңгеге жетті
08.09.2026, 20:10
Қазақстандықтар микронесие алуды азайтты
08.09.2026, 20:09