Шанхай ынтымақтастық ұйымының құрылу тарихы 1996 жылдан басталады. Ұйымның басты мақсаты – әскери салада сенім мен келісімді нығайтып, шекара аумағында қарулы күштерді азайту. Осындай уағдаластықпен ең әуелі ұйымға бес мемлекет мүше болды. Олар: Қазақстан, Қытай, Қырғыз елі, Ресей және Тәжікстан. Сол тұста ұйым туралы «Шанхай бестігі», деп те қосымша айтылып жүрді.
Ал қазіргі уақытта ұйымға 9 ел мүше. Олар: Үндістан, Иран, Қазақстан, Қытай, Қырғыз Республикасы, Пәкістан, Ресей, Тәжікстан және Өзбекстан. Бұдан бөлек қазір үш елдің бақылаушы-мемлекет статусы бар. Олар: Ауғанстан, Беларусь және Моңғолия.
Уақыт өте келе ұйымның ауқымы кеңейіп келеді. Ұйымның диалог серіктесі ретінде 14 ел тіркелген. Олар: Әзірбайжан, Армения, Бахрейн, Мысыр, Камбоджа, Катар, Кувейт, Мальдив, Мьянма, Непал, Біріккен Араб Әмірліктері, Сауд Арабиясы, Түркия және Шри-Ланка. Ал ұйымның ресми тілі – орыс және қытай тілі, деп бекітілген.
Ғабит Ұзақбай