Мемлекет басшысы Ресей Президентімен телефон арқылы сөйлесті
Мемлекет басшысы Ресей Президентімен телефон арқылы сөйлесті. Әңгіме барысында Қасым-Жомарт Тоқаев Дағыстанда болған лаңкестік әрекеттен көптеген адамның қаза табуына байланысты Владимир Путинге және Ресей халқына көңіл айтты. Президент бейбіт тұрғындардың өміріне жасалған кез келген қастандық пен зұлымдық әрекетті Қазақстан айыптайтынын әрі оны халықаралық және өңірлік қауіпсіздікке төнген қауіп ретінде қарастыратынын жеткізді.
Тараптар терроризм мен экстремизмге қарсы күресте тығыз ықпалдастықты жалғастыру, беделді халықаралық ұйымдар аясында күш-жігер біріктіру маңызды екеніне назар аударды. Сондай-ақ Астанада өтетін Шанхай ынтымақтастық ұйымы саммитінің күн тәртібін талқылады.
Асылбек Данияр
Автор
Асылбек Данияр
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы
Азия ойындары: Бүгін спортшылар 4 медаль жеңіп алды
25.09.2026, 17:19
Абай облысында бір күнде 3 мың тал егілді
25.09.2026, 17:18
Жетісу облысында егін жинау науқаны қыза түсті
25.09.2026, 17:17
Жамбыл облысында әлеуметтік осал топтағы азаматтарды қолдауға 1,5 млрд теңге бөлінді
25.09.2026, 17:14
Ел жаңалықтарына шолу
25.09.2026, 17:13
Нетаньяху мінберге шыққанда ондаған делегат залдан шығып кетті
25.09.2026, 17:12
Вашингтонда Трамп-Си саммиті аяқталды
25.09.2026, 17:10
Жасанды интеллект мектебі ашылады
25.09.2026, 17:07