Елімізде салық пен міндетті төлемдердің саны қысқарады - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Елімізде салық пен міндетті төлемдердің саны қысқарады

24.06.2024

Елімізде салық пен міндетті төлемдердің саны 20 пайызға қысқартылмақ. Бұл туралы бүгін жаңа салық кодексіндегі өзгерістер жайлы айтқан Қаржы вице-министрі баяндады. Ержан Біржановтың айтуынша, бізде қазір барлығы 12 салық бар. Олар халықаралық тәжірибеге сәйкес келеді. Десе де, саланы оңтайландыру үшін жаңа кодексте салық саны азайтылды. Мәселен, біріңғай жер салығы табыс салығына көшірілмек. Әрі мемлекеттік БАЖ-дың 5 түрі алынып тасталады. Сондай-ақ міндетті төлемдер де азаяды. Яғни, келер жылдан бастап ерекше қорғалатын табиғи аумақтарды пайдаланғаны үшін сыртқы жарнаманы орналастырғаны үшін және қызметтің жекелеген түрлерімен айналысқаны үшін лицензияларды пайдаланғаны үшін міндетті төлемдер болмайды.

Ержан Біржанов, ҚР қаржы вице-министрі:

Тағы бір өзгешеліктердің бірі ол ҚҚС бойынша импорттаған тауарларды егер өндірістік процестерде пайдаланатын болса, оларға біз импорттық НДС-ті кеш төлеуге мүмкіндік береміз.

Досжан Маратұлы


Хабарламаларға жазылу