Солтүстік Қазақстанда 400 бас малдан бруцеллез анықталды
Солтүстік Қазақстан облысында 400-ден астам ірі-қарадан бруцеллез анықталды. Ауырған малдың 90%-ы шаруашылықтарға тиесілі. Дерт жоспарлы диагностикалық тексеру барысында белгілі болған. «Атамекен-Агро-Темирязево», «Астық сату компаниясы», «Ақ ниет-Агро», «Гусаковка» шаруашылықтары мен Аққайың ауданындағы Ленинское ауылы бақылауға алынды. Қауіпті аурудың таралуының алдын алу үшін аталған нысандарда шектеу шаралары енгізілді. Былтыр 270 бас ірі қарадан бруцеллез анықталған еді.
Нариман Тасболатов, СҚО Ветеринария басқармасының бөлім жетекшісі:
Оң нәтиже көрсеткен мал басын санитарлық союға жібереді. Қоражайларда дезинфекция жұмыстары өткізілетін болады. Шектеу шаралары барысында жануарларды және жануар текті өнімдерді сыртқа шығаруға тыйым салынған.
Эльмира Каленова
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы
Жол ережесін өрескел бұзатындарға жауапкершілікті күшейту керек пе?
05.04.2026, 19:53
Таяу Шығыстағы шиеленіс мұнай бағасына қалай әсер етті?
05.04.2026, 19:48
Енді кімдерге несие алу қиындайды?
05.04.2026, 19:37
37 сарбаз әскерден оралды
04.04.2026, 20:16
Азия чемпионаты: Боксшыларымыз бас жүлдеден үмітті
04.04.2026, 20:14
Кәрім Меңдіханов келер маусымда «Барселона» сапында ойнауы мүмкін
04.04.2026, 20:11
Қазақы тазы саны төрт мыңнан асты
04.04.2026, 20:08
Үкімет Қожа Ахмет Ясауи мұрасын насихаттау жөніндегі жоспарды бекітті
04.04.2026, 20:08