Құлсарыда 2300-ден астам тұрғын баспанасын қалпына келтіру үшін өтемақы алды
Құлсарыда тасқыннан зардап шеккен 2 мың 300-ден астам тұрғын баспанасын қалпына келтіру үшін өтемақы алды. Оның ішінде 1000-нан аса азаматқа баспана сатып алу үшін қаражат берілген. Жалпы, Құлсарыда 2600-ге жуық адам өтемақы алу үшін келісімге қол қойған. Ал, шағын және орта бизнес субъектілеріне өтемақы төлеу жөніндегі өңірлік комиссия жұмысын жалғастырып жатыр. Бүгінге дейін Жылыой ауданында 69 бизнес субъектісіне 500 млн теңге өтемақы төленген. Тұрғындар үшін салынып жатқан 100 үйдің құрылысы екі айда аяқталады. Оған жергілікті компаниялар жұмылдырылған, әр үйдің ауданы - 100 шаршы метр.
Алмажай Кенжиева, Құлсары қаласының тұрғыны:
Үйімді апатты деп таныды. Екінші күні маған хабар келді. Келесі күні конверт берді қолыма. Одан соң келісім шартқа қол қойдым. Сөйтіп жүргенде келесі апта ақшам түсті. Бір тиынын да алмай ақшаның түгел осы үйге салдым.
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы
Мемлекет басшысы «Таза Қазақстан» акциясына қатысты
19.09.2026, 21:27
Дүниежүзілік тазалық күні: Еліміз бойынша жалпыхалықтық сенбілік өтті
19.09.2026, 20:30
Астанада тазылар көрмесі өтті
19.09.2026, 19:35
Шымкентте биыл мыңнан астам отбасыға үй беру жоспарланған
18.09.2026, 20:13
Ақмола астығы Еуропа нарығына шықты
18.09.2026, 20:11
Almaty Superski жобасы өңірдің экономикасы мен туризмін дамытуға серпін береді
18.09.2026, 20:11
Абай облысында ЖИ-ді қолдану жиіледі
18.09.2026, 20:06
Президент елшілерден сенім грамоталарын қабылдады
18.09.2026, 20:05