ҰҚШҰ Сыртқы істер министрлері бірқатар құжатқа қол қойды
Алматыда Ұжымдық қауіпсіздік туралы шарт ұйымының Сыртқы істер министрлері кеңесінің отырысы өтті. Басқосу барысында халықаралық және өңірлік қауіпсіздіктің өзекті мәселелері талқыланды. Ғарыш кеңістігін бейбіт мақсатта пайдалану, ақпараттық қауіпсіздік саласындағы ынтымақтастық мәселелері мен Таяу Шығыс пен Солтүстік Африкадағы жағдай сияқты 9 құжатқа қол қойылды. Оған қоса, тәжік-ауған шекарасын нығайту жөніндегі мақсатты мемлекетаралық бағдарламасы бекітілді. Бұл Орталық Азия мемлекеттерінің қауіпсіздігіне өте ерекше әсерін беретіні сөзсіз, - деді Ұжымдық қауіпсіздік туралы шарт ұйымының бас хатшысы Иманғали Тасмағамбетов.
Иманғали Тасмағамбетов, Ұжымдық қауіпсіздік туралы шарт ұйымының бас хатшысы:
Бүгін Сыртқы істер министрлігінің отырысында 9 құжатқа қол қойылды. Әрине, бәрі өте маңызды, өте керекті. Бірақ солардың ішіндегі ең қажеттілігі Орта Азияның қауіпсіздігіне әсерін беретін, бұл Тәжікстан мен Ауғанстан арасындағы шекараны нығайту мәселесі. Бұл бағдарламаның қабылдануына 2013 жылы шешім қабылданған, бірақ осы 11 жыл ішінде мемлекет арасындағы келіссөздер жүріп биыл бір келісімге келдік.
Әйгерім Ердәулет
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы
БҰҰ Қазақстанның экологиялық бастамаларын қолдайды
15.10.2026, 20:24
Ыстанбұлды сел басты
15.10.2026, 20:18
Рекордтық көрсеткіш: 20 млн шаршы метр тұрғын үй пайдалануға берілді
15.10.2026, 20:17
«Ұмай» ипотекасы қайта басталады
15.10.2026, 20:16
«Отбасы банк»: 6 ай күтпей баспана алуға болады
15.10.2026, 20:14
Зерттеу нәтижесі: Қазақстан – өңірлік көшбасшы
15.10.2026, 20:13
Президент Қатар Әмірі шейх Тәмим бен Хамад Әл Тәнимен кездесті
15.10.2026, 20:11
Мемлекет басшысы Әзербайжан президентімен кездесті
15.10.2026, 20:05