Конституциялық сотқа 5 мыңнан астам өтініш түсті
Қазақстан азаматтары конституциялық сотқа былтыр бес мыңнан астам өтініш түсірген. Мұны Парламент палаталарының бірлескен отырысында Конституциялық сот төрағасы Эльвира Әзімова айтты. Аталған орган азаматтардың құқықтарының қорғалуы мен мемлекет тарапынан міндеттемелердің орындалуын қадағалайды. Өтініштерді қарау барысында бірқатар конституциялық талаптардың орындалмау деректері де анықталған.
Эльвира Әзімова, ҚР Конституциялық сотының төрағасы:
Азаматтардың зейнетақы заңнамасының, қылмыстық және қылмыстық процестік кодекстердің әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодекстің және жоғарғы соттың нормативтік қаулыларының жекелеген нормаларын конституцияға сәйкестігін тексеруге қатысты жүгінді.
Конституциялық нормалардың сақталмауына байланысты 7 заңның конституцияға сәйкес келмейтіндігі анықталды. Қазіргі уақытта 5 заң конституцияға сәйкестендірілген. Қалғандары Парламент пен Үкіметтің қарауында.
Оңғар Алпысбайұлы
Автор
Оңғар Алпысбайұлы
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы
Қазақстан әлемдегі ең ықпалды 35 мемлекеттің қатарына енді
10.10.2026, 14:32
«Әділет» партиясы Алматыдағы жаңа экологиялық бастамаларды қолдады
09.10.2026, 22:15
Әлеуметтік қолдаудың жаңа мүмкіндіктері
09.10.2026, 21:30
Президент Каспий маңы елдерінің ғылыми әлеуетін біріктіруге шақырды
09.10.2026, 20:35
Театр көрермені көбейіп келеді
09.10.2026, 20:25
Қос марапат – ұлттық мәдениетті ұлықтаудың жаңа белесі
09.10.2026, 20:20
Орталық Азиядағы алғашқы кітап оқу марафоны
09.10.2026, 20:19
Әр азамат елдік мәселелерді талқылауға үлес қоса алады
09.10.2026, 20:18