Мемлекет басшысы Киевте қастандық жасалған А.Садықовқа қатысты істі жіті бақылап отыр - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Мемлекет басшысы Киевте қастандық жасалған А.Садықовқа қатысты істі жіті бақылап отыр

21.06.2024

Мемлекет басшысы Киевте Қазақстан азаматы Айдос Садықовқа жасалған қастандыққа қатысты тергеу амалдарын жіті бақылап отыр. Бұл жөнінде Президент кеңесшісі – баспасөз хатшысы Берік Уәли өзінің әлеуметтік желідегі парақшасында мәлім етті. Президенттің тапсырмасына сәйкес, Қазақстанның құқық қорғау органдары қылмыстық істің мән-жайын анықтау үшін шұғыл шаралар жүргізіп жатыр. Мемлекет басшысы құқық қорғау органдарына күдіктілердің мекен-жайын анықтап, тиісті шаралар қабылдауды тапсырды. Қазақстан тарапы Украинаның құқық қорғау құрылымдарымен, оның ішінде Интерпол жүйесі бойынша бірлесе жұмыс істеуге дайын, - деп жазды Берік Уәли.

Мемлекет басшысының тапсырмасы бойынша Бас Прокуратура, аталған іске қатысты 18-ші маусымда сотқа дейінгі тергеуді бастады. Тергеу-жедел тобы құрылды. Бас прокуратура қылмыстық істі тергеу барысын ерекше бақылауға алғанын хабарлады.

Самал Қабышева


Хабарламаларға жазылу