Түркия әуежайларында жаңа ереже енгізіледі
Түркия әуежайларында жолаушыларды тексеру тәртібі өзгереді. Ел Парламентінде әуежайларда қауіпсіздікті қамтамасыз ету туралы заң талқыланып жатыр. Егер құжат қабылданса әуежай ғимаратына кіреберісте жолаушылар мен олардың жүктерін қызметкерлер қолмен тексереді. Мұндай тексерістен бас тартқан жолаушылар әуежайға кіргізілмейді, ұшаққа отырғызылмайды. Сондай-ақ, жолаушылардың ұшаққа мінерде тапсырған сөмкелері мен қол жүктері иелерінің рұқсатынсыз және олар жоқ кезде де тексеріле береді. Тиісті заң Түркия Парламентінде келесі аптада дауысқа салынады.
Әбдулқадыр Уралоғлы, Түркияның көлік және инфрақұрылым министрі:
Түркия - Халықаралық азаматтық авиация ұйымының мүшесі ретінде оның ережелерін сақтауы тиіс. Егер сіз ұшақпен саяхат жасағыңыз келсе, тексерудің барлық түріне келісім беруіңіз қажет. Әлеуметтік дәрежеңіз қандай болғанына қарамастан жалпыға ортақ ережелерге бағынуыңыз тиіс. Қандай да бір күдік туындаса жолаушының барлық жүктері толық тексеріледі.
Айдос Әшімұлы
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы
Мерейлі отбасы – тәрбие мен дәстүр сабақтастығы
07.08.2026, 20:19
СҚО-да егін орағына әзірлік пысықталды
07.08.2026, 20:17
«Болашақ ойындары-2026»: 180 млн қаралым жиналды
07.08.2026, 20:15
Ақкерегешың – ақ жартасқа қашалған тарих
07.08.2026, 20:14
Биыл тұзды көлдерде 6 адам қайтыс болған
07.08.2026, 20:13
Президент солтүстіктегі тұрғындарды облыстың 90 жылдығымен құттықтады
07.08.2026, 20:11
Жаңа Конституция – жарқын болашақ кепілі
07.08.2026, 20:11
Құрылтай: Үгіт-насихат жұмыстары жалғасып жатыр
07.08.2026, 20:01