Вейптерге тыйым салатын заң күшіне енді
Бүгіннен бастап вейптерге тыйым салынады. Электронды темекі өнімдерін, хош иістендіргіштерді және оларға арналған сұйықтықтарды сатуға, таратуға, жарнамалауға тыйым салған заң күшіне енді. Вейптердің айналымы үшін қылмыстық жауапкершілік көзделген.
Президент 19 сәуірде қол қойған заң бүгіннен күшіне енді. Құжат бойынша электронды темекі өнімдерін сатқан адамға 700 мың теңгеден астам айыппұл салынады немесе 200 сағатқа қоғамдық жұмысқа тартылады. Заңда 50 тәулікке қамау жазасы да қарастырылған. Вейптер шет мемлекеттен әкелетіндіктен, шекарада бақылау күшейген. Дегенмен, Еуроодаққа кіретін мемлекеттерден келген жүктің тексерусіз өтетінін пайдаланған әккі кәсіпкерлер ұрымтал тұсты пайдалануы мүмкін дейді кеденшілер. Ал, өзге елдерден кіретін жүк арасында анықталса, шара қолданылады.
Болат Мырзағали, ҚР ҚМ МКК кедендік операциялар басқармасының бас сарапшысы:
Бұзатын болса, әкімшілік не қылмыстық жазалар қолданылады. Көлеміне, бағасына байланысты қылмыстық іс болса, басқа құзырлы органдарга жібереміз. Басқа жолдарын іздеуі мүмкін. Айналып өту жолдары, контрабанда не басқа жолын іздейді олар.
Ішкі істер министрлігі өкілдерінің айтуынша, тыйым салынған вейпті елге әкеліп, айналымға жібергенлер 7 млн теңгеден астам айыппұл төлейді. Тауардың көлеміне қарай 1200 сағатқа жұмысқа жегіледі. Егер бұл әрекеттерді қылмыстық топ жасаса, 5 жылға дейін бас бостандығын айыру жазасы кесіледі.
Ренат Зулхаиров, ҚР ІІМ әкімшілік полиция комитеті төрағасының орынбасары:
Анықталған жағдайда қылмыстық іс қаралады. Профилактикалық рейдтер апта сайын өтеді, еріктілер, қоғамдық қорлар, әкімдік өкілдері қатысады.
Бүгіннен бастап құқық қорғау органдары вейп таратқандар мен жарнама жасағандарды қатаң бақылауға алады. Сонымен қатар өзге елдерден онлайн тапсырыс беретін қосымшалар да қадағаланбақ.
Динара Жарқынбек
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы
Қазақстан әлемдегі ең ықпалды 35 мемлекеттің қатарына енді
10.10.2026, 14:32
«Әділет» партиясы Алматыдағы жаңа экологиялық бастамаларды қолдады
09.10.2026, 22:15
Әлеуметтік қолдаудың жаңа мүмкіндіктері
09.10.2026, 21:30
Президент Каспий маңы елдерінің ғылыми әлеуетін біріктіруге шақырды
09.10.2026, 20:35
Театр көрермені көбейіп келеді
09.10.2026, 20:25
Қос марапат – ұлттық мәдениетті ұлықтаудың жаңа белесі
09.10.2026, 20:20
Орталық Азиядағы алғашқы кітап оқу марафоны
09.10.2026, 20:19
Әр азамат елдік мәселелерді талқылауға үлес қоса алады
09.10.2026, 20:18