Президент Қасым-Жомарт Тоқаев «Масс-Медиа» туралы заңға қол қойды. Жаңа құжатқа сәйкес, енді отандық өнімнің үлесі артады. Есесіне, шетелдік бағдарламалардың саны қысқарады. Ал жарияланған материалға бір жылдан кейін ешкім сотқа шағымдана алмайды. Журналист сұраған ақпараттық сауалға 5 күннің ішінде жауап берілуі тиіс. Шұғыл ақпаратқа жауапты мекеме 3 сағаттың ішінде жауап беруге міндетті. Сондай-ақ, мемлекеттік емес Бұқаралық ақпарат құралдарына да гранттар беріледі. Отандық контентті дамыту мақсатында олар да мемлекет қолдауына ие болады. Айта кетейік, «Масс-медиа туралы» заң 2 жыл бойы талқыланды. Бас кезінде дау тудырған «Баспасөз картасы» құжаттан мүлдем алынып тасталды.
Бибігүл Жексенбай, ҚР Парламенті Сенатының депутаты:
Мемлекеттік тапсырысқа, әсіресе жекеменшік, өңірлердегі БАҚ қолы жете бермейтін. Сондықтан, арнайы гранттар арқылы өңірлік, мемлекеттік емес БАҚ-ның мемлекеттік қолдауға тең дәрежеде мүмкіндік алуына жол ашылып отыр.
Самал Қабышева