Ел аумағындағы кәсіпорындарда жыл басынан бері 500-ге жуық жұмысшы жарақат алып, 59 адам қаза тапқан. Бұл өткен жылғы көрсеткішпен салыстырғанда әлдеқайда жоғары. Осы мәселенің себеп-салдарын зерделеу және азайту мақсатында «Әділдік және Өркендеу» қоғамдық қоры өкілдері Шымкентте бас қосты. Оған Алматы мен Шымкент қаласы, Түркістан, Жетісу, Жамбыл, Қызылорда мен Алматы облысындағы өкілдіктерінің жетекшілері, белсенділер қатысты. Қордың бастамасымен Еңбекті қорғау жөніндегі қоғамдық комиссия құрылды. Арнайы топ жұмысшылар мен жұмыс берушілер арасында диалог орнатуды, даулы жағдайларда бітімгер болуды көздейді. Сондай-ақ, қор «Әділдік құқығы» интернет-қабылдауын да қолға алды. Оның мақсаты – әрбір азаматқа еңбек құқығы бойынша тегін заңгерлік кеңес беру, қазақстандықтардың құқықтық сауатын жоғарылату болып отыр.
Анар Ізден «Әділдік және өркендеу» қоғамдық қоры Қызылорда облыстық өкілдігінің жетекшісі:
Біздің қордың ең басты тақырыбы жұмысшылар мен жұмыс беруші арасында бітімгер болу. Өйткені бұл халықаралық деңгейде бар практика. Бірақ Қазақстанда өте сирек кездеседі.
Ғани Қалмаханов