Ақтөбедегі ферроқорытпа зауытының бес жұмысшысы күйіп қалды
Оқыс жағдай бүгін күндізгі 4 шамасында болған. Оқиға орнына жедел жәрдем қызметінің екі бригадасы барды. Кәсіпорынның 42 жастағы қызметкерінің беті мен иықтары күйген. Оған сол жерде дәрігерлік көмек көрсетіліп, облыстық ауруханаға жеткізілді. Тағы төрт адамды зауыт мейірбикелерінің өздері емдеу мекемесіне апарған. Олар травматология бөліміне жатқызылды. Төтенше жағдайлар департаментінің өкілдері кәсіпорын аумағынан өртке қатысты ешқандай шақырту түспегенін мәлімдеді. Ал, зауыт ұжымы әзірге ешқандай мәлімдеме жасаған жоқ.
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы
Азия ойындары: қоржындағы медаль саны - 12
22.09.2026, 20:30
Қоқыс өңдеуге 200 млрд теңге бөлінеді
22.09.2026, 20:20
Скринингтен өту қажеттігі туралы хабарлама жіберіледі
22.09.2026, 20:19
Кәсіпкерлерге арналған реестр құрылды
22.09.2026, 20:18
Қайтарылған активтер есебінен екі мектеп бой көтерді
22.09.2026, 20:17
2-4 сынып оқушыларының 4 пәннен білімі тексеріледі
22.09.2026, 20:16
Бүгін БҰҰ Бас Ассамблеясының 81-сессиясы ашылады
22.09.2026, 20:13
PISA-2025: Сандар сөйлейді, нәтиже не дейді?
22.09.2026, 20:12