Сондай-ақ шара барысында Мемлекет басшысы Киевте Қазақстан журналисіне жасалған қастандық әрекетке қатысты пікір білдірді. Оның айтуынша, дипломатиялық арналар мен құқық қорғау органдары арқылы осы оқыс оқиға бойынша Украина тарапына ресми сұратулар жіберу туралы нақты тапсырма берілген. Әрі қажет болған жағдайда Қазақстанның ресми органдары істің ақиқатына жетуге жәрдем беру үшін тергеу жұмысына қатысуға дайын екенін айтқым келеді, – деді Президент.
Мемлекет басшысының кеңесшісі, әрі баспасөз хатшысы Берік Уәли де Садықовқа жасалған шабуылға байланысты мәлімдеме жасады. Оның айтуынша, Қазақстанды айыптаудан пайда көретін күштер бар және Мемлекет басшысы бұл интернет ресурсты қарамайды. Тіпті оған ешқашан қызығушылық танытпағанын жеткізді.
Ғабит Ұзақбай