Ақмола облысында балабақша терезесінен құлап кеткен баланың халі мүшкіл - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Ақмола облысында балабақша терезесінен құлап кеткен баланың халі мүшкіл

19.06.2024

Ақмола облысы Шортанды ауданы Ақсу ауылындағы жекеменшік балабақшаның екінші қабатынан төрт жасар бала құлап кетті. Қазір Астанадағы балалар ауруханасында жатқан бүлдіршіннің жағдайы өте ауыр. Бас сүйегі үш жерден шытынап, миы шайқалып, жанбасы сынған. Мән-жайды толығырақ тілшіміз Тәуірбек Бозекен тарқатады.

Бұл видеоны Ерасылдың атасы түсіріп алған. Ал, төрт жасар баланың анасы осы оқыс-оқидан кейін балабақша қызметкерлері бірден жедел жәрдем шақырмады дейді. Тез арада баланы алып кетуін ғана өтініп, аудио хабарлама жолдаған.

Ұлжан Санат, Ақмола облысының тұрғыны:

Болатын оқиғаның бір сағат бұрын бала терезенің алдында тұрған. Орындыққа шығып тұрған. Оны видеоға түсіріп тұрған тәрбиеші көрген, бірақ ешкім назар аудармаған. Содан кейін тамақтарын береді де, балаларды жатқызы да, тәрбиеші алады. Бірақ ол сол кезде терезені аштым деп жеткізді. Баланың аяғы сынса да оны былай-былай көтеріп салпақтатып жүрген.

Мән-жайды анықтау үшін балабақша басшысына да хабарластық.

Ал Ерасылдың атасы Санат Датпаның айтуынша, ауылдағы жедел жәрдем көлігі бұзылып, дәрігер жаяу келген. Ол тек баланың басындағы жарақатты ғана таңып беріпті. Кейін өздері көлік тауып баланы аудандық ауруханаға апарған. Бірақ ол жердегі дәрігерлер де «директор жоқ», - деп қансырап жатқан Ерасылды қабылдамай қойған.

Тіпті, Шортанды ауданының медбикелері немересінің жанын аман алып қалуды өтініп, шыр-пыр болған ақсақалды сотқа берген.

Санат Датпа, Ақмола облысының тұрғыны:

Біріншіден дәрігерлердің салғырттығын жою керек. Кім ауырмайды, бәрі ауырады. Сіздің де біздің де бала ауырады. Біз кімге барамыз, дәрігерге барамыз. Олар бізді қабылдамаса, машиналары сынып жатса, оны айырбастайтын машина болмаса, біз сонда кімге барамыз?

90 шақырым жерден өлім аузында жеткен баланы елордалық мультидисциплинарлы топ күтіп алды. Бірден диагнозын тағайындап, ем-дом шараларын бастап кеткен.

Динат Қожекенов, №2 көпбейінді қалалық балалар ауруханасы директорының орынбасары:

Бала трамватикалық шок екінші дәрежеде келіп түсті. Сондықтан бірден реанимацияға жатқызылды. Баланың жағдайы өте ауыр. Бірақ бұл айтылған трамваның өзі өте күрделі, өте ауыр жарақат болып есептелінеді. Мұндай кезде ауру нәтижесі әртүрлі аяқталуы мүмкін. Сондықтан әзірге бір болжам айтуға ерте.

Тәуірбек Бозекен, тілші:

Көп қан жоғалтып, жанбас сүйегі сынып, басы бірнеше жерден жарылған балақай қазір Астанадағы екінші көпбейінді қалалық балалар ауруханасында жатыр. Мамандардың жіті қадағалауында. Өкінішке қарай, жағдайы өте ауыр дейді. Қазір науқас жасанды тыныс алу аппаратында жатыр. Дәрігерлер баланың беті бері қарағасын сынып кеткен жанбас сүйегін қалпына келтіру үшін күрделі ота жасалады деп отыр. Ал бас сүйегіне операция қашан жасалатынын дәрігерлер әзірге нақты айта алмады. Ол үшін төрттегі балақайдың жағдайы толығымен тұрақталуы тиіс дейді.

Тәуірбек Бозекен

Хабарламаларға жазылу