Бүгінгі Германия-Венгрия кездесуінің жеңімпазы турнир қожайыны болуы мүмкін. Бұл Дортмунд зообағында мекен ететін Уолтер есімді сәуегей орангутанның болжамы. Еуропа чемпионатының екінші айналымы қарсаңында хайуанаттар бағының мамандары маймылға Германия мен Венгрия құрамаларының мойынорағышын ұсынады. Сәуегей орангутан көп ойланбастан неміс құрамасының атрибутикасын таңдайды.
Алайда, біраздан соң, Венгриянікін де қолына алады. Яғни, матч соңына таяу Венгрия футболшылары жұбаныш гол салмақ. 35 жастағы сумантрандық орангутанның болжамы ылғи да дәл келеді. Дортмунд зообағының қызметкерлері футболдан Еуропа біріншілігімен қоса, Әлем чемпионаты, Германиядағы клубтар арасындағы матчтар қарсаңында да Уолтердің ойын білуді әдетке айналдырған.
Қаракөз Тұрмағамбет