Алматыда утиль алымы мәселесі талқыланды - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Алматыда утиль алымы мәселесі талқыланды

18.06.2024

Бүгін қоғамда қызу талқыланып жатқан утиль алымы мәселелері бойынша петицияны қарау жөніндегі жұмыс тобы Алматыға келді. Жауапты бірқатар министрлік өкілдері мен сала мамандары «Hyundai Trans Almaty» зауытына барып, ондағы өндіріс қарынымен танысты. Автоөндірістегі негізігі мәселелер талқыланып, утиль алым мен алғашқы тіркеуді алып тастаудың неге әкелетіні айтылды.

1 мың 300-ден астам адам жұмыс істейтін «Астана Моторс» компаниясының еншілес «Хёндэ Транс Қазақстан» зауыты жылына 50 мың автокөлік шығарады. Зауыт өкілдері төлеген утиль алымның автоөндіріске қайта түсуіне мүдделіміз-ақ дейді. Ол үшін тек отандық көлікті көптеп шығаруға тура келеді. Ал компанияның импорттаған темір тұлпарлары үшін утиль алым міндетті. Мәселен, былтыр «Астана Моторс» «Жасыл даму» мекемесіне импорттаушы ретінде 63 миллиард теңге қаражат аударған.
Бекнұр Несіпбаев, «Астана Моторс» компаниясының бас директоры:
Негізі заң бойынша оатндық автокөлік өндірушілер утильалымды біріншіден төлейді,сосын сол төлеген құн қайтадан сол зауытқа қайтарылады. Сондықтан елімізде шығарылған автокөліктердің құнында утиль алымның құны жоқ. Сондықтан, активистер бізге жала жабады, сендер утиль алымның бенефицарысыңдар деп, ол жалған ақпарат. Бірақ «Астана Моторс» компаниясы ол тек қана автокөліктерді шығармайды. Біз қазір Қытайдан импорттық автокөліктерді әкеліп жатырмыз. Сондықтан біз утиль алымдарды төлейміз.
Осы күні автоөнеркәсіп саласында 6 мыңнан астам маман жұмыс істейді. Былтыр өндіріс көлемі 30% - ға өсіпті. Мақсат саны мен қоса сапаны да одан әрі арттыру. Жұмыс тобының өкілдері утиль алымды алып тастаудың салдары жұмыс күші мен нарыққа тікелей кері әсер ететінін алға тартты.
Шыңғыс Сүйінбаев, ҚР Өнеркәсіп және құрылыс министрлігі өнеркәсіп комитеті төрағасының орынбасары:
Утильсборды және алғашқы төлемді алып тастасақ ескі көліктер кіреді. Өз нарығымызды өзіміз қорғай алмай қаламыз. Утильсбордың ақшасы әріптестеріміз айтқандай экологиялық бағдарламаларға барады. Бізде автобустарға ақша бөлінді, әкімдіктер автобустарды жаңартысын деп, ауыл шаруашылыққа бөлінді өз техникасын жаңартып алсын деп. Біздің утильсбордың ақшасы тікелей зауыттарға бармайды. Әкімдікке барады автопаркті жаңартсын деген, тікелей халыққа баратын 4 пайыздық бағдарлама бар.
Ал сырттан әкелінетін көліктің қарқынан бәсеңдету, утиль алымсыз көлік алуды қолжетімді ету үшін келесі жылы іске қосылатын зауыт әсер етпек. Қазір құрылысы қызу жүріп жатқан өндіріс орнына тартылған инвестиция көлемі 182 миллиард теңге. Онда 3 мың 600 жұмыс орны ашылады деп күтілуде. Жылына 90 мың автокөлік шығарып, 60 пайызы экспортқа кетеді деп жоспарланып отыр.

Әйгерім Ердәулет

Хабарламаларға жазылу