Атом электр станциясын салу - ел экономикасы үшін өте тиімді. Энергия көзі экологиялық таза болғандықтан, қоршаған ортаға зияны жоқ. Осылай деген сала мамандары, Тараз тұрғындарымен тақырып аясында жария талқылау өткізді. Бүгінде елімізде электр қуатына деген қажеттілік артпаса, азаймай отыр. Ядролық физика институтының ғалымдары, атом электр станциясын салу - сан салаға серпін береді. Сондықтан құрылысы қарқын алса – энерготәуелділіктен арылуға болады дейді. Халық қолдаса, станция салуға Оңтүстік Корея, Франция, Қытай мен Ресей елдері ниетті. Шетелдіктер, ең қауіпсіз атом реакторларын ұсынып жатыр. Салынған жағдайда, отын ретінде өзіміз өндіретін уран қолданылмақ. Айта кетейік, атом электр станциясын салу жалпыхалықтық референдум арқылы шешіледі.
Саябек Сахиев, «Ядролық физика институты» РМК бас директоры:
Атом электр станциясының типтері да бар. Қазақстанның таңдағаны «Су-су энергетикалық реакторы». Ең алғашқысы 1957 жылы АҚШ-та салынған. 1964 жылы Кеңестер одағында салынды. Содан бері 400-ден астам Атом электр станциясының 200-ден астамы «су-су екі контрлы» АЭС-тар. Олардың біреуінде оқыс оқиға болған емес. Сондықтан біздің таңдап отырғанымыз қазір ең қауіпсіз атом электр станциясы.
Данияр Әлімқұл