Театр майталманы Торғын Тасыбекова өмірден өтті
Қазақ театрының мақтанышы, Қазақстанның Халық әртісі Торғын Тасыбекова 86 жасына қараған шағында дүниеден озды. Ол 1938 жылы Алматы облысы Іле ауданында дүниеге келген. 1961 жылы Мұхтар Әуезов атындағы Қазақ Ұлттық драма театрының актерлік құрамына қабылданады. Өмірінің соңына дейін қазақ өнерінің қара шаңырағында қызмет етті. Әр алуан рөлдерде ойнап, өзінің көпқырлы орындаушылық өнерімен көрермендердің ілтипатына бөленді. Оның 200 -ге жуық рөлі, қазақ сахнасының қайталанбас мұрасына айналды.
Асанәлі Әшімов, Қазақстанның Халық әртісі:
Бүгін суық хабар келіп, жаным күйзеліп отыр. Торғынменен бір курста оқып, бірге жұмыс істедік. Осы күнге шейін бірге болдық. Талай спектакльдерде қызмет атқардық. Екеуміз де Тоқпановтың шәкіртіміз. Ашық-жарқын, ақкөңіл, таза адам еді.
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы
Туған үш ағайынды бір әскери бөлімде борышын өтеуде
02.05.2026, 20:08
Қауіпсіздігі жоғары композиттік газ баллондары өндіріледі
02.05.2026, 20:07
Балық аулауға уақытша тыйым салынды
02.05.2026, 20:05
Нөсер жауыннан өзендер тасып, екі көпірді шайып кетті
02.05.2026, 20:05
Қазақстан ғарышты игерудің жаңа дәуіріне қадам басты
02.05.2026, 20:04
Халықаралық келіссөз: Польшада ұсталған қазақстандық бостандыққа шықты
02.05.2026, 20:02
Қазақ тазысы 2035 жылы әлемдік деңгейде мойындалуы мүмкін
02.05.2026, 20:01
Павлодарда «Бірге еккен бір ағаш» экологиялық акциясы өтті
02.05.2026, 18:49