Ақтөбе облысында тасқын кезінде бүлінген үйлердің аумағы тазаланып жатыр
Ақтөбе облысының Әйтеке би ауданында көктемгі су тасқыны кезінде бүлінген үйлердің аумақтары мен өзен жағалауы «Таза Қазақстан» акциясы аясында тазаланып жатыр. Бұл жұмыстарға мемлекеттік мекемелердің қызметкерлері мен ауыл тұрғындары және жастар ұйымдарының мүшелері белсенді түрде қатысуда. Аудан орталығында тасқын кезінде ондаған үй су ортасында қалған еді. Бұл аумақтарға ағыспен бірге келген шөп-шалам мен тұрмыстық қалдықтар, көп жиналған. Тазалық акциясына қатысушылар, оның бәрін тазартып шықты. Жиналған қоқыс 60 жүк көлігіне тиеліп, полигонға шығарылды. Санитарлық жұмыстарға ауылдағы кәсіпкерлер де, көмек қолын созды.
Саламат Әбілов, Т.Жүргенов ауылының әкімі:
Акция аясында 35 үй зардап шеккен болса, сол үйлердің айналасын, сондай-ақ жағалауда орналасқан үйлердің ауласын, судың бетін қамыстан тазарту, су бетінен қоқыс жиналған болатын. Сол қоқыстың барлығын жиыстыруға, қамыс шығаруға ауылдың жастары, волонтерлер, акция аясында қызметкерлер бар, барлығы ауыл тазалығына бірдей атсалысқан болатын.
Жақсыбек Кемал
Автор
Жақсыбек Кемал
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы
Үстел теннисінен Президент кубогі аяқталды
21.09.2026, 13:21
Астанада жыл соңына дейін тағы 70 мың ағаш егеді
21.09.2026, 13:15
Колумбиядағы өрт үдеп барады
21.09.2026, 13:12
Ресейде жанармай тапшылығы күшейді
21.09.2026, 13:09
Үйге 11 метр: Көксайдағы зират мәселесі
21.09.2026, 13:06
Ақтауда заңсыз сауда нүктелерін сүріп жатыр
21.09.2026, 13:03
700 мыңнан аса гектар жерге су үнемдеу технологиясы қолданылады
21.09.2026, 13:00
Президент Қасым-Жомарт Тоқаев: «Тазалық ең әуелі адамның сана-сезімінен басталуға тиіс»
21.09.2026, 11:12