Қостанай облысында жас туристер слеті өтіп жатыр
Қостанай облысында дәстүрлі «Жас туристер слеті» өтіп жатыр. 10-15 жас аралығындағы балалар 3 күн бойы табиғат аясында туризм спорты бойынша өзара сайысқа түседі. Олар бірнеше шақырым қашықтағы белгіленген нүктеге жету үшін түрлі кедергілерден өтеді. Осылайша қатысушылардың төзімділігі, тапқырлығы, ептілігі сыналады. Слетке облыстың сегіз өңірінен 10 команда келген. Балалар тәлімгерлердің бақылауымен үш күн бойы ас-суын өздері дайындап, дала жағдайында өмір сүреді. Іс-шараның мақсаты - жеткіншектердің ерік-жігерін шыңдап, табиғат аясындағы туризмге қызығушылығын тудыру.
Жасқыран Аусәбитов, оқушы:
Туризм ұнайды өзіме. 2,5 жыл болды қатысып жүргеніме. Ағашқа өрмелеп, тауға шығамыз. Командамен жұмыс істейміз. Екінші адамды сақтандырып, өзіміз де биікке өрмелеп шығамыз. Тамақ істеп ішеміз, кешке от жағып, ән айтып, көңілді өткіземіз уақытты.
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы
Павлодарда «Бірге еккен бір ағаш» экологиялық акциясы өтті
02.05.2026, 18:49
1 мамыр – Қазақстан халқының бірлігі күні
01.05.2026, 20:41
Татулық пен бірлікті дәріптеген ауыл
01.05.2026, 20:39
Жол сапасын цифрлық платформа қадағалайды
01.05.2026, 20:38
1 мамыр мерекесінде ондаған миллион жолаушы сапарға аттанды
01.05.2026, 20:36
500-ге жуық түрлі этнос өкілі бір мезетте өнер көрсетті
01.05.2026, 20:34
«Қазақстан - бірлік мекені» атты мәдениет фестивалі өтті
01.05.2026, 20:32
Әлемде миллиондаған адам Еңбек күнін атап өтіп жатыр
01.05.2026, 20:30