Шымкентте 8 есе арзанға сатылған мұз сарайы мемлекет меншігіне қайтарылды
Шымкент қаласында мұз сарайы мемлекет меншігіне қайтарылатын болды. Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі Шымкент қаласы бойынша департаментінің басшысы Дәурен Ерғарин сот үкімімен нысанды сатып алу және сату шартының күші жойылғанын хабарлады. Мегаполистегі қысқы спорт түрлерімен шұғылданатын жалғыз сарай, осыдан 7 жыл бұрын небәрі 128 миллион теңгеге жекеменшікке сатылып кеткен болатын. Электронды аукцион кезінде сарай бастапқы бағасынан 8 есе арзанға бағаланған. Ал жергілікті әкімдік нысанның 67 пайызы өз иелегінде бола тұра, оны жалдауға бас-аяғы 1 миллиард теңгеден астам қазына қаржысын жұмсаған. Мұз сарайын мемлекет меншігіне қайтару туралы сот шешімі әлі күшіне енген жоқ.
Ғани Қалмаханов
Автор
Ғани Қалмахан
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы
Спортшылар 5 медаль жеңіп алды
25.09.2026, 20:35
Қайтарылған активтер есебінен 21 нысан бой көтерді
25.09.2026, 20:32
Алматыда жыл бойы жұмыс істейтін тау курорты ашылады
25.09.2026, 20:30
Жыл сайын 3 мыңнан аса автобус пен жүк көліктері құрастырылады
25.09.2026, 20:27
Жел электр станциясы салынады
25.09.2026, 20:24
Қазақстанның инвестициялық моделі өзгеріп келеді
25.09.2026, 20:22
Қазақстан мен Қытай арасындағы іскерлік байланыстардың жаңа бағыттары
25.09.2026, 20:18
Қазақстан-Қытай инвестициялық форумы
25.09.2026, 20:16