Бала құқығы: 350-ден астам хабарлама түсті
Ақмола облысында балалар құқығын қорғайтын Telegram-бот желісіне бір жылда 350-ден астам хабарлама келіп түскен. Бұл туралы облыстық прокуратура мәлімдеді. «Urpaq» деп аталатын желіге өңір тұрғындары көбінесе мектептердегі буллинг, жасөспірімдерді бопсалау, қорқыту фактілері туралы анонимді хабарламалар жіберген. Нәтижесінде 147 адам әкімшілік және тәртіптік жауапкершілікке тартылды. Тағы біреуі қызметінен босатылды. Сондай-ақ, прокурорлар кешенді тексеріс барысында санитариялық-эпидемиологиялық талаптар сақталмаған бірнеше мектепке 4,5 миллион теңгеден астам айыппұл салды.
Меруерт Байболова, облыстық прокуратураның басқарма прокуроры:
Мысалы, ағымдағы жылдың қаңтар айында Көкшетау қаласындағы қолайсыз отбасылардың бірінде есірткі заттарын жүйелі қолдану туралы хабарлама келіп түсті. Прокуратура қызметкері шығып, хабарламаны тексергеннен кейін үйдегі балалар ойыншық шыныаяғынан марихуана табылды. Ақмола облыстық прокуратурасының жобасын облыстардың басқа прокуратуралары қабылдап, аумақтарда табысты іске асыруда.
Ұмсындық Наурызбаева
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы
Қазақстан әлемдегі ең ықпалды 35 мемлекеттің қатарына енді
10.10.2026, 14:32
«Әділет» партиясы Алматыдағы жаңа экологиялық бастамаларды қолдады
09.10.2026, 22:15
Әлеуметтік қолдаудың жаңа мүмкіндіктері
09.10.2026, 21:30
Президент Каспий маңы елдерінің ғылыми әлеуетін біріктіруге шақырды
09.10.2026, 20:35
Театр көрермені көбейіп келеді
09.10.2026, 20:25
Қос марапат – ұлттық мәдениетті ұлықтаудың жаңа белесі
09.10.2026, 20:20
Орталық Азиядағы алғашқы кітап оқу марафоны
09.10.2026, 20:19
Әр азамат елдік мәселелерді талқылауға үлес қоса алады
09.10.2026, 20:18