Астанада эстрада жұлдыздары 3 ай бойы тегін концерт береді
Астанада эстрада жұлдыздары 3 ай бойы ашық аспан астында тегін концерт береді. Ұйымдастырушы «QazExpoCongress» ұлттық компаниясы. Мақсат жаз бойы елордалықтар мен қала қонақтарына ерекше көңіл күй сыйлап, мәдени демалыс ұсыну. Маусым этнофестивальмен ашылды.
EXPO іскерлік аумағында жазғы концерттік маусым басталды. Енді әр демалыс күні кешкі 7-ден бастап эстрада жұлдыздар Астана тұрғындары мен қонақтарына әннен шашу шашады. Бұл іс-шара қыркүйекке дейін жалғасады.
Гүлжан Сергебаева, «QazExpoCongress» ҰК» АҚ баспасөз хатшысы:
Былтыр мысалы 13 концерт өткізілді. Биыл да біраз концерт өткіземіз деген жоспар бар. Солардың ішінде «101» тобы мен Қайрат Баекенов, Маржан Арапбаева, Мирас Жүгінісов сынды әртістер өз өнерлерін көрсететін болады. Бүгін жазғы сахнаның шымылдығын этнофестиваль ашады.
Сондай-ақ көрме алаңында Garage fest жәрмеңкесі өтті. Мұнда 50-ге жуық кәсіпкер ұлттық нақыштағы бұйымдарды, экосөмкелер мен майшамдар және өзге де тұрмысқа қажетті дүниелер ұсынды. Кәсіпкерлер бұл әлеуметтік жоба алдағы уақытта жалғасын тапса дейді.
Меруерт Нұрмағамбетова, кәсіпкер:
Мен өзім қолдан жасайтын скатерть, раннер т.б. фартук соларды істеп алып келемін. Негізі жәрмеңке өте жақсы өтеді. Әрине, қалаймыз. Өте жақсы ұйымдастырылады.
Сондай-ақ мұндағы Болашақ энергиясы мұражайы да кешкі уақытта жұмыс істейді. Мұнда қала қонақтары баламалы қуат көздерінің түрлерімен таныса алады. Ал кішкентай балаларды іскерлік аумақта роллердром алаңы күтеді.
Динара Жарқынбек
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы
1 мамыр – Қазақстан халқының бірлігі күні
01.05.2026, 20:41
Татулық пен бірлікті дәріптеген ауыл
01.05.2026, 20:39
Жол сапасын цифрлық платформа қадағалайды
01.05.2026, 20:38
1 мамыр мерекесінде ондаған миллион жолаушы сапарға аттанды
01.05.2026, 20:36
500-ге жуық түрлі этнос өкілі бір мезетте өнер көрсетті
01.05.2026, 20:34
«Қазақстан - бірлік мекені» атты мәдениет фестивалі өтті
01.05.2026, 20:32
Әлемде миллиондаған адам Еңбек күнін атап өтіп жатыр
01.05.2026, 20:30
Семейде достық фестивалі өтті
01.05.2026, 20:30