Солтүстік Қазақстанда бір аптада үш бала суға батып кетті
Солтүстік Қазақстанда бір аптада 3 бала суға батып кетті. Ал үш күннен бері суға кеткен 10 жастағы бала әлі іздестіріліп жатыр. Ол достарымен бірге, Есіл өзеніне шомылуға барған. Балалар тақтайға жіп байлап, суда жүзген. Сол сәтте, арқан үзіліп, жеткіншекті қатты ағыс алып кеткен. Құтқарушылармен бірге еріктілер де іздестіру жұмыстарына тартылды. Сонымен қатар, бірнеше дрон, моторлы қайық жұмылдырылған.
Ризабек Темірбеков, СҚО ТЖД азаматтық қорғаныс басқармасының аға офицері:
Петропавл қаласының Зайсан шағын ауданында бір бала батты және Тайынша ауданында екі бала қараусыз қалғандықтан суға кеткен болатын. Суға рұқсат етілмеген жерлерде орын алып тұр, осы үш оқиға.
Эльмира Кәленова
Автор
Эльмира Кәленова
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы
Азия пара ойындарында спортшыларымыз тағы төрт алтын алды
21.10.2026, 13:15
Амандасу әдебі – ұлттық мәдениеттің көрінісі
21.10.2026, 13:13
Жетісу облысының Көксай ауылында жаңа мектеп ашылды
21.10.2026, 13:12
Ақтөбе облысындағы Қарауылкелді теміржол вокзалы жаңартылды
21.10.2026, 13:10
Астанада кейбір үй балкондарына ту ілді
21.10.2026, 13:08
Парижде коменданттық сағат ұзартылды
21.10.2026, 13:07
Ресейде демографиялық дағдарыс күшейіп барады
21.10.2026, 13:05
Қазақстан ТүркПА елдеріне арналған Цифрлық кодексті әзірлеуді ұсынды
21.10.2026, 13:04